Home » Балабақша » «Асық ату»

«Асық ату»

  «Асық ату» ойыны — қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі-де, құралы да — асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулитын тәрбиенің көзі.   Аумағы екі-үш қадамнан тұратын дөңгелек көн сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үштен (не одан да көп) асық тігеді. Сақасын иіру арқылы кезегін алған ойыншылар он-он бес қадамдай қашықтан тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады да, әрі қарай сақасының жатқан жерінен (егер сақа сызықтың ішінде жатса, онда сызықтың сыртына ғана атуға болады) қайтадан ата бастайды. Егер ойыншы бірде-бір асықты дөңгелек көннің сыртына шығара алмаса, ойыннан шығады. Ойыншылардың бәрінің кезегі біткенде, асықтарды қайта тігіп, ойын жалғаса береді

«Қазақ күресі» ертеден келе жатқан спорттық қимыл-қозғалыс ойындарының бірі. Мектепке дейінгі мекемеде балаларды қазақ күресінің ережесімен өз жастарына келетін элементтермен таныстыру. Екі топтан шыққан екі  бала қоян-қолтық ұстасып, аяқтан шалу, жамбасқа түсіру, көтеріп алып жауырынға  жатқызу тағы сол  сияқты айла-тәсілдер үйрету.

Бұл қимыл қозғалыс ойындары баланың денесін, бұлшық еттерін жаттықтырып қана қоймайды, сонымен бірге ойын үстінде баланың өзін-өзі жаттықтыруға үйретеді. Соның нәтижесінде баланың нақтылы мақсатқа, яғни ойынға қатысқан әр баланың алдына жеңіске деген ұмтылысы пайда болады.

Балалардың белсенділігі артып, алдына қойған мақсатына жетуге деген әрі қайраты артады. Олай болса, мектепке дейінгі оқыту процесінде барлық дене тәрбиесі жаттығуларын, соның ішінде ұлттық ойындарды тиімді ұйымдастыруды бала денсаулығын нығайтудың зор мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.

Сулейменов Айбек Серікбайұлы,
Нұр-Сұлтан қаласы,

                                            №48 «Ақ көгершін» балабақшасының

                                            дене шынықтыру нұсқаушысы.

 

          

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.