Home » Балабақша » «АСЫЛ ӘЖЕМ, АҚ ӘЖЕМ, АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ДАНА ӘЖЕМ» САЙЫСЫ

«АСЫЛ ӘЖЕМ, АҚ ӘЖЕМ, АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ДАНА ӘЖЕМ» САЙЫСЫ

Целиноград ауданы Талапкер ауылы “Әсем-Ай» экологиялық   балабақша аясында ардақты да, қадірменді әжелеріміздің өнеге, үлгілерін болашақ ұрпақтардың бойын сусындатып,  ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан асыл қазынамыз салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, жаңдандыру  мақсатында «Асыл әжем, ақ әжем, ақ жаулықты дана әжем» атты сайыс өтті. Сайысқа Талапкер ауылының қадірменді де, сыйлы  алты әжеміз қатысты.

«Айгөлек» тобының әжесі Гүлбаршын Нұрғалиқызы
«Ақбота» тобының әжесі Ләззат Исламқызы
«Балапан» тобының әжесі Каменова Айман
«Балдәурен» тобының әжесі Орынбасар Шайханқызы
«Балдырған» тобының әжесі Ғайша Шошаевна
«Еркемай» тобының әжесі Құмаргүл Бейсенқызы

Сайыс  мынадай  шарттардан  тұрды:
— Өзін таныстыру «Мен әжемін ұрпағымды әлпештеген»
— Ұршық иіру
— Өз өнері
— «Білгенге маржан» сұрақ-жауап
— Үй тапсырмасы

 

Сайысымыздың бірінші айналымында «Мен әжемін ұрпағын әлпештеген» таныстыру, киім үлгісі көрсетілді.

Сайысымыздың екінші айналымында әжелеріміз «Ұршық иіру» өнерлерін көрсетті, бұл сайыста иірген жіптің сапасы мен көлеміне қарай бағаланды.

Сайысымыздың үшінші айналымында әжелеріміз өз өнерлерінен шашу шашты.
«Білгенге маржан» айналымында әжелеріміз салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға 1минутта жауап қайтарып, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Сайысымыздың бесінші айналымы «Үй тапсырмасы»

Сайыс соңында әжелеріміз «Парасатты әже», «Өнерлі әже», «Шебер әже», «Дана әже», «Сымбатты әже», «Дара әже» номинациялары бойынша марапатталды.
Қайырымды қасиетті,
Ең ардақты ақ әжем
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес, бал әжем.
Аман-есен жүріңізші,
Бар тілегім сол әжем — деп  әжелерге балабақша меңгерушісі Бахытгүл Ташимовна  алғысын білдіріп, сыйлықтар табыстады.

Балабақша әдіскері  Сүлейменова Айнагүл Өсербайқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.