Home » Балабақша » Асыл әжем, ақ әжем,ақ жаулықты дана әжем

Асыл әжем, ақ әжем,ақ жаулықты дана әжем

Мақсаты: Қазақтың салт-дәстүрін ардақтап,балаларға наурыз мерекесін тойлату.Балабакша мен  ата-ана арасында тығыз қарым-қатынас орнату.

Құрметті ата-аналар,ұстаздар.қонақтар!

Наурыз тойы жырымыз,

Көңіл гүлдей жайнасын.

Құлпырып тұр күн мен ай,

Құтты болсын Наурыз той!

Асыға күткен Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!  Ақ мол  болсын!  Жаңа ит жылы баршамызға ырыс,құт, береке әкелсін!

Ата-бабам тойлаған,

Наурызым , армысың !

Қызығына тоймаған,

Дархан дала, қарлы шың

Би: «Қамажай»

Наурыз келді көрісеміз бәріміз

Үлкендерге көрісетін кәріміз

Ата-ана қуанады баладай

Мәз боп соған марқайып бір қаламыз.

Наурыз келді бір-бірімен қауышу

Өкпе-назды ұмытып қайта табысу

Самарқанның тасы еріген күн екен

Үлкен-кіші  бәріміз де қуанып,

Қол алысып,   құшақ жайып табысу.

Екі әже  көріседі.

Ендігі кезекті «Балбөбек» тобының «Асыл әжем, ақ әжем,ақ жаулықты дана әжем» атты сайысы

мызбен жалғаймыз.

Әжелерімізді ортаға шақырайық.  Ақмоншақ әже, Қиынша әже ,Гүлнар әже.

Әділ қазылар құрамын бекітейік.Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін.

1.Таныстыру. «Мен әжемін ұрпағын тәрбиелеген».

2.Өз өнері.(ән,күй, би )

3.Ұлттық тағам .Ас- адамның арқауы.

4.Көненің көзі-әжемнің сөзі.

5.Білгенге маржан.(сұрақ-жауап)

1.Таныстыру. «Мен әжемін ұрпағын тәрбиелеген»

Әділ-қазылар бағасын бере қойса.

Би.: «Тұлпарым».

2.Өз өнері.(ән,би, күй )

Әділ-қазылар бағалап жіберсеңіздер.

3.Ас-адамның арқауы. Ұлттық тағам мәзірі.

4 .«.Көненің көзі-әжемнің сөзі»

Әділ-қазылар бағалап жіберейік.

  1. «Білгенге маржан.(сұраққа жауап беру).

Жеңімпазды анықтау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

Әжелерімізге көп-көп рахмет айта отырып,жеңістерімізбен құттықтаймыз.

Қайырымды,қасиетті

Ең ардақты ақ әжем

Әрбір сөзі өсиетті,

Баға жетпес бал әжем.

Аман-есен жүріңізші,

Бар тілегім сол әжем»!

Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет елім

Төл бастаған қадамың құтты болсын.

Тербетсін шаттық әні қазақ жерін.

Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім,

Қосылып жасқа жасың басқа-басың.

Барайық төрт көз түгел келер жылың

Аман  боп  алыс-жақын,кәрі-жасың.

Ендігі кезекті наурыз  тойға арналған той дастарқанымызға шақырамыз.

Келдибаева Лаззат Тулепбергеновна

«Боранқұл» бөбекжайы МКҚК

 «Балбөбек» тобының  тәрбиешісі

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.