Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Асыл мұра» би ансамблі – үнемі шығармашылық ізденісте жүретін ұжым. Ансамбль мектеп сахнасында ғана өнер көрсетіп қоймай, түрлі деңгейдегі фестивальдер мен байқауларды қалт жібермей, қатысуға тырысады. Жақында би ансамблінің мүшелері халықаралық фестиваль-байқауда халық биі мен заманауи биді орындау шеберліктерін көрсетіп, өздерінің мүмкіндіктерін тарызылап қайтты. «Асыл мұра» би ансамблі Алматы қаласында 18-22 наурыз аралығында өткен халықаралық көпжанрлы фестиваль-байқауда бірінші орын алды. «Ұлы дала» және «Кітап құпиясы» атты би композициясын жоғары деңгейде орындап шыққан жас өнерпаздар фестиваль кубогы мен арнайы дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ байқаудың қазылар алқасы Зияткерлік мектептің талапты оқушыларын Европада өтетін жазғы фестивальде өнер көрсетуге шақырды. «Асыл мұра» би ансамблінің мүшелеріне «Festival&Contest» Мәдениет Ассоциациясының Президенті Кристиан Карточети қол қойған Италияда өтетін фестивальға қатысу туралы сертификат табыс етілді. «Фестиваль-байқаудағы жеңіс шығармашылық ұжым мүшелеріне өзіне деген сенімділік берді, біз қолымыздан көп нәрсе келетінін, басқа да мықты деген шығармашылық ұжымдармен бәсекеге түсе алатынымызды білдік», — дейді би ансамблінің жетекшісі Жүсіпова Бекзат.
Сонымен қатар, Алматыда өткен фестиваль-байқауға Жолдыбеков Бауыржан Тәуірұлы жетекшілік ететін «Домбыра» үйірмесінің мүшесі Берікболов Акежан да қатысқан болатын. Қ.Аxмедияровтың «Алтын ұя» күйін орындаған жас домбырашы байқауда екінші орынға ие болды.
Зияткерлік мектеп өз жеңімпаздарын – өнерпаз өрендерін мақтан тұтады.
Нұр-Сұлтан қаласы физика –математика
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің баспасөз қызметі