Алматы қаласы білім басқармасы, Жетісу аудандық Білім бөлімінің қолдауымен және Жетісу аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының «Дәстүр» жобасын жүзеге асыруда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «№102 ЖББМ» КММ-де тіл жанашыры Асылы Әлиқызы Османмен кездесу өтті. «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан аясында өткен «Ұрпақтар арасындағы сабақтастық» сыр-сұхбат 8-11 сынып оқушылары арасында өтті.
Мақсаты: Қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат орденінің және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Әлиқызы Осман жаңа қырынан таныту, оқушыларды үлкенді сыйлауға, өзі қазақ болмаса да, жаны қазақ тіл жанашырының ғыбратты ғұмыр жолы мен елеулі еңбегімен оқушыларды таныстырып, рухани тәрбие беру. Оқушылар бойында патриоттық сезімді қалтастыра отырып балаларды жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, өз құқықтарын және міндеттерін білуге, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал ету.
Асылы апамыз оқушыларға қазақ тілінің құдіретімен қазақ халқының кең жүрегінің қойнауында тұнып жатқан даналық пен мейірімділіктің басымдылығын, ұрпақ тәрбиесінде осы қасиеттердің орны ерекше екенін айтып өтті және қазақ халқын жан-тәнімен сүйіп, сезінетінін айтты.
Заманында талай асуларды алып, шыңдарды табындырған тіл жанашыры оқушылардың көкейінде жүрген түрлі сұрақтарына шынайылық және қарапаймдылықпен жауап беріп, оқушыларға тәрбиелік маңызы зор өнеге берді. Оқушылар Асылы апамызға арнап ән айтып, би билеп және өздері жазған арнауларын оқып сый-сияпат көрсетті. 7-сынып оқушылары орындауындағы ұлттық «Аққу» биімен, 6-сынып оқушысы Қарақаттың орындауындағы «Гүлдерай» әні Асылы апамыздың жүзіне шауқ пен көңіліне шаттық сыйлады. Ал жүректен шыққан арнаулар оқыған оқушылар Асылы апамыздың мол ризашылығына кенелді.
Ауэлбекова Гульнур 5 «А» сынып оқушысы арнауы:
Тілімнің жанашыры
Жырлаған дана сырын,
Алтынға теңеп жүрсіз
Қазақтың ана тілін.
Қазақ деп соққан сіздің жүрегіңіз,
Халқымның даналығы – тірегіңіз.
Мәңгілік жасасын деп қазақ тілі,
Шынайы пәк жүректен тіледіңіз.
Ауэлбекова Г.У.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары