Home » Жаңалықтар » Астана қ. жалпы білім беру мекемелерінің 5-6 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі, математика және ағылшын пәндері бойынша «Достық» қалалық олимпиадасының қорытындысы

Астана қ. жалпы білім беру мекемелерінің 5-6 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі, математика және ағылшын пәндері бойынша «Достық» қалалық олимпиадасының қорытындысы

2017 жылғы 11 наурызда Астана қаласы  жалпы білім беру мекемелерінің  5-6  сынып оқушылары  арасында қазақ тілі, математика және ағылшын  пәндері бойынша  «Достық» қалалық олимпиадасы өтті. Білім сайысын «Астана дарыны»  өңірлік  ғылыми-практикалық  орталығы және Дарынды қыз балаларға арналған «Білім – инновация» лицейі бірлесе ұйымдастырды.

Олимпиаданың  негізгі мақсаты —  дарынды  оқушыларды анықтау, олардың интеллектуалдық сайыстарға қызығушылығын ояту, олимпиада резервін қалыптастыру және қолдау.

Олимпиадаға орыс тілінде және қазақ тілінде оқытатын мектептерден 291 оқушы (5-сыныптан – 145, 6-сыныптан – 146) қатысты.

Әрбір қатысушы 3 пәннің тапсырмасын орындады. Олимпиада тапсырмалары жеке пәндер бойынша  тест түрінде ұсынылды.

Олимпиаданың қорытындысына сәйкес жекелеген пән бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

Ағылшын тілі

5-сыныптар:  І орын – 3, ІІ орын – 6, ІІІ орын — 14

6-сыныптар:

І орын – 3, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 12.

Математика

5-сыныптар:

І орын – 4, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 10.

6-сыныптар:

І орын – 4, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 11.

Қазақ тілі

5-сыныптар:

І орын – 2, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 15.

6-сыныптар:

І орын – 3, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 19.

Олимпиадаға қатысқан 291 оқушының 130-ы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Бұл жалпы қатысушылар санынан 45% құрайды.

Сонымен қатар жүлделі орындар санына қарай білім беру мекемелерінің арасында үздік командалар анықталды:

І орын – Республикалық физика-математика мектебі;

ІІ орын – «Мирас» ХМ;

ІІ орын – №53 МЛ;

ІІІ орын – «NURORDA» МЛ; №54 МЛ; «Столичный» лицейі.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.