Home » Жаңалықтар » Мақала жазып машықтанды

Мақала жазып машықтанды

Астана қаласындағы №57 «Салтанат» балабақшасында «Педагогикалық жазу дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аталмыш тренингті республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырды.

Тренинг барысында  педагогтер мақала жазудың қыр-сырын үйренді. Медиатренер Ж.Әшірбектің көмегімен ақпарат жазып, оны өзара талқылап, баспаға жіберуге дайындады.

Екі сағатқа созылған семинар-тренинг барысында мақала жайындағы танымымыз кеңейді. Бұрын соңды ескере бермейтін қателіктерімізді түзетіп, ақпарат жазудың ең оңтайлы әрі жылдам әдісін үйрендік. Алдағы уақытта «Білім айнасы» сайтында жаңалықтарымызбен бөлісіп отырамыз деген ойдамыз. Тәрбиешілердің жасап жатқан жұмысын жұртшылыққа көрсетуге мүмкіндік жасап отырған «Білім айнасы» газетінің редакциясына алғысымызды білдіреміз,- дейді Индира Сейтқызы.

Семинар-тренингтің екінші кезеңінде педагогтерге әлеуметтік желімен жұмыс жасаудың жолдары түсіндірілді. Шара соңында тәрбиешілер сауалдарын жолдап, тренерден толыққанды жауап алды.

Гүлнұр Құралбайқызы,

№57 «Салтанат» балабақшасы,

Астана қаласы

img_0283

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.