Астана қаласы әкімдігінің №27 «Балауса» балабақшасында жаңа 2018-2019 оқу жылында балабақша ата-аналары үшін АШЫҚ ЕСІК күні ұйымдастырылды. Ашық есік күнін ұйымдастырудың басты мақсаты: балабақша күн тәртібі бойынша қызметкерлердің жұмысын көрсету, балалармен ұйымдастырылатын іс-шаралардың өткізілу барысымен таныстыру. Ашық есік күні барысында ата-аналар күн тәртібінің әр түрлі кезеңдері бойынша топ тәрбиешілерінің ұйымдастырылған оқу қызметтерімен (ҰОҚ) танысты. Оның ішінде дене шынықтыру нұсқаушысының, музыка, ырғақты би, бейнелеу өнері жетекшілерінің, ағылшын, логопед мамандары өз жұмыстарын көрсетті. Ата-аналар күн тәртібінің кезеңдеріне қарай тамақтану, түскі ұйқы, серуен кезінде балалардың көңіл күйлеріне бақылау жүргізді.
Ашық есік күні ата-аналардың балабақшаға деген көз қарастарын өзгертті, өйткені күні бойы балабақшаның жұмыс барысын бақылады. Біздің ұжымымыздың іс-шаралары және күнделікті жұмысы балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Ә.Әділбайқызы
№27 «Балауса» балабақшаның меңгерушісі