Home » Мақалалар » Астана қаласы әкімдігінің «№1 Арнайы мектеп – интернаты» КММ білім беру үдерісін ұйымдастыру

Астана қаласы әкімдігінің «№1 Арнайы мектеп – интернаты» КММ білім беру үдерісін ұйымдастыру

 

Астана қаласы әкімдігінің
«№1 Арнайы мектеп – интернаты» КММ
білім беру үдерісін ұйымдастыру

                 Астана қаласы әкімдігінің «№1 Арнайы мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биылғы оқу жылында жаңадан есігін ашқан мекемелердің бірі. Арнайы мектеп – интернаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бастауыш, негізгі орта білім және тереңдетілген кәсіби дайындық беру саласындағы білім беру қызметін жүзеге асырады.
Мекеме қызметі ізгіліктік, демократия, жалпыға қолжетімділік білім беру, бейімделген деңгейлі білім беру жүйесі мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктеріне және дайындықтарына, азаматтық құндылық басымдылығы, адам өмірі мен денсаулығы, азаматтық, жеке бас бостандығы, дербестік және зайырлы білім беру түріне негізделген.
Арнайы мектеп – интернаты кызметінің мақсаты:
1) әрбір баланың ерекшелігіне қарай түзету-педагогикалық орта құруда жайлы жағдай туғызу;
2) компенсаторлық үдерістерді дамыту негізінде негізгі кемістікті түзету;
3) оқушылардың потенциалына сәйкес және оның жеке тұлғасының одан әрі дамуын қамтамасыз ететін білімділік деңгейіне жеткізу, оның оңалуы, әлеуметтендірілуі және ортаға енуі;
Мекемеде білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы зердеде бұзушылығы бар балаларды оқыту мен дамытуға бағытталған және мемлекеттік мекеме басшысымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпылай міндетті стандарттары негізінде әзірленген оқу бағдарламасы мен арнайы жалпыбілімдік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады. Бастауыш, негізгі білім және тереңдетілген кәсіби дайындықтан тұратын бөлімшелер арнайы мектеп – интернатында оқыту және тәрбиелеу мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі.
Бастауыш білім негізгі жалпы білім алудың негізі болып саналады. Бастауыш білім беру үдерісінде бала жеке тұлғасының жан-жақты психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттелуі жүзеге асырылады. Төменгі сынып оқушыларында оқу әрекетшілдік дағдылары, дербестік қалыптасады. Жалпы және сөйлеу дамуында, моторикасындағы бұзушылықтарын түзету, зердеде және эмоциялық-еріктік саласындағы ауытқушылықтары, балалардың мінез-құлқысы бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Негізгі орта білім балалардың тәжірибелік бағыты бар және олардың психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жалпыбілімді дайындықты игеруін қамтамасыз етеді. Түрлі спорттарға дағдылары қалыптасады, бастауыш кәсіби-еңбек дайындығы жүзеге асырылады.Сонымен қатар материалдық-техникалық, бағдарламалық-әдістемелік және кадрлық жағдайы жасалған мектебімізде тереңдетілген кәсіби-еңбек дайындығымен 10-шы өндірістік сыныбы ұйымдастырылды.
Мекеме психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынымдарын ескере отырып екі бөлімшеден арнайы білім беру бағдарламасын жүзеге асырады: Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша ақыл-ойдың жеңіл кемістігі және орташа ақыл – ой кемістігі бар оқушыларды біріктіріп оқытуға рұқсат беріледі. Балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды жетілдіру мақсатында Мекемеде логопедтің, дефектологтың, психологтың топтық және жеке түзету сабақтары жүргізіледі.
Даярлық және 1 сыныптарда баллдық бағалар қойылмайды. Оқуда балалардың жоғарылау қорытындысы олардың нәтижелі әрекеттердің, сөйлеудің даму деңгейінің, жазу жұмыстарының, суреттерінің, қолдан жасалған бұйымдарының талдауы негізінде анықталады.
Білім беру үдерісі оқушыларға дифференциалдық және жеке тәсілдемесін қолдануымен жүзеге асырылады. Осыған байланысты 1-ші сатыдағы оқушылардың жетістіктердің баллдық бағалары критериялық болып табылады және де жеке мониторинг негізінде жүзеге асырылады. 2-ші сатыдағы оқушылар жетістіктерін бағалауда білім беру үдерісін дараландыру үшін негізболып табылатын критериялық сипаттама бағасы қолданылады.
1-ші бөлімшедегі барлық түрдегі оқушылардың білімін бақылау (ауызша, жазбаша тәжірибелік) әдеттегі бес балдық шкала бойынша оқушының ынтасын арттыру құралы ретінде бағаланады. Әр тоқсан соңында 1-ші бөлімшедегі оқушыларға аралық бағалар қойылады, ал тоқсандық бағалау қорытындысы бойынша – жылдық бағалар. Қортынды баға «2» екінші оқу жылына қалдырылу бағасы болып саналмайды.
Мекемеде оқыту 1 бөлімшедегі ой өрісі кем балалар үшін еңбекке баулудан қорытынды аттестациялаумен аяқталады. Оқушылар бітіру емтиханынан белгіленген тәртіп бойынша босатылады. Арнайы мектеп бітірушілерге мемлекеттік үлгісіне сәйкес аттестат беріледі. Оқушыларды оқыту тәртібі:
1) оқу жылының, демалыстың басталуы және ұзақтығы мемлекеттік мекемеде барлық жалпы білім беру мектептерінде қолданылатын мерзімдерге сәйкес бекітіледі;
2) оқу аптасының ұзақтығы 5 күн;
3) сабақ ұзақтығы: 1 сыныпта I жарты жылдық — 30 минут, II жарты жылдықта және барлық келесі сыныптарда – 40 минут;
Жеке және топшалардық түзету сабақтарының ұзақтығы – 20-25 минут. Топшалар сөйлеу және психофизикалық бұзушылықтардың біркелкілігін ескере отырып толымдалды. Емдік дене шынықтыру сабақтарына арналған топтар дәрігердің ұсыныстарын есепке алумен толымдалды. Түзету компоненттері сабақтары бойынша жетістіктерді бағалау баллмен қойылмайды, ол сипаттама түрінде болады.
Сөйлеу дамуының кемшіліктерін түзету сабақтары жеке және топта өткізіледі. Топтар сөйлеу бұзушылықтарының біркелкілігін ескере отырып толымдалды. Танымдық әрекеттерді түзету бойынша сабақтарды психолог немесе дефектолог мұғалімі топта және жеке жүргізеді.
Үйде жеке тегін оқыту бойынша – баланың үй жағдайында алатын білім беру түріде мектебімізде қарастырылған, ал оқыту барысы арнайы оқу бағдарламалары негізінде құрылған жеке бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.  Үйде жеке тегін оқыту сабақтарының тәртібі тәрбиеленушілердің көтеріңкі шаршағыштықты және өнімділіктің төмен деңгейін ескре отырып тағайындалады.Осы жылы қаңтар айынан бастап интернатта оқуға, тәрбиеге және тұруға қажетті жағдайлардың және интернатқа мұқтаж балалар бар болғандықтан ашылды. Интернатқа жетім балалар және ата-ананың қамқорынсыз қалған және Мекеменің қамқоршылығындағы және қорғаншылығындағы балалар қабылданды. Тәрбилік топтар саны санитарлық ережелерге сәйкес анықталады. Интернатта тұратын оқушыларды, қоғаммен бірлесіп педагогикалық қызметкерлер, әкімшілік және қызмет көрсетуші қызметкерлер интернаттағы балаларды оқытуға, тәрбиелеуге, қолайлы жағдайлар жасалынып, алдағы уақытта мектебіміздің ерекше оқушылары қоғамда өз орындарын таба алынуына және белестерден көрінуіне жағдайлар жасалынып жатыр.

Апендина Гульмира Кабдрахмановна,
Астана қаласы, әкімдігінің
«№1 Арнайы мектеп – интернаты» КММ
оқу – ісі жөніндегі директордың орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.