Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесін 2004 жылдың 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ашқан. Мектеп-лицейдің білім беру концепция жүйесі оқушылардың білім алу дайындығын пәндер бойынша білім берудің мемлекеттік стандартына негіздейді. Оқыту жүйесі орта білім беру жүйесінің негізгі талаптарына жауап беретін инновациялық технологияларды қолданумен жүзеге асырылады. Лицей компоненті жаратылыстану-математикалық ғылымдар саласындағы оқушылар білімін кеңейту мен тереңдетуге бағытталған.
2012-2013 оқу жылынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының іс-тәжірибесін оқу-тәрбие үрдісіне енгізу бойынша тірек мектеп. Астана қаласы Әкімінің «Үздік мектеп — 2012» грантының иегері.
2014 жылы «Жаңа мектеп» республикалық қашықтық байқауындағы «Мектеп – білім берудегі сапа белгісі» номинациясы бойынша І орынды иеленген.
Мектептің әдістемелік тақырыбы — «Оқытудың жаңа инновациялық тәсілдерін жоғары деңгейде меңгере отырып, білім сапасын арттыру». Негізгі мақсаты: Оқу мен оқыту сапасын көтеру мақсатында білім беру процесіне қатысушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту. Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында
мектепте «Зерде» атты ғылыми қоғам және жоғары оқу орындарымен байланыс жұмысы «МЕКТЕП+ЖОО» арқылы жүргізіледі, соның ішінде Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің химия кафедрасымен, Қазақстан Республикасы Радиоспорт және радиоәуесқойлық федерациясымен.
2015-2016 оқу жылдарында:
Аудандың олимпиада-28 жүлделі орын
Қалалық олимпиада-40 жүлделі орын
Республикалық олимпиада:1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль
Халықаралық олимпиада: 3 алтын медаль
Қалалық ғылыми жоба жарыстары: 15 жүлделі орын
Республикалық ғылыми жоба жарыстары: 6 алтын, 1 қола медаль
Халықаралық ғылыми жоба жарыстары: 1 күміс медаль
Спорттық радиопеленгациядан Қазақстан Республикасының Чемпионаты: 1 алтын, 1 күміс медаль
Мектеп бойынша білім сапасы – 75,8% Ұлттық бірыңғай тестілеудегі орта ұпай-100
«Алтын белгі» иегерлері – 5
Мектеп-лицей директоры Болатаева Роза Аблакимовна, «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегері. «Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары деңгейде нәтиже көрсетіп, астаналық білім жүйесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан еңбегі үшін» ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және Астана қаласы Білім басқармасының мадақтамасымен марапатталған.