Home » Жаңалықтар » Астана қаласының Менеджмент және бизнес колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысы

Астана қаласының Менеджмент және бизнес колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысы

25658236Заң пәндерінің оқытушысы
           И. Ыхлас

Астана қаласының Менеджмент және бизнес колледжінде дәстүрлі түрде қала, кент мектептеріне арнайы пәндерден іс – шаралар өткізілуі арқылы кәсіптік бағдарлау жұмысы жүргізіліп отырады. Осы жұмыс барысында нақты айтатын болсақ, Заң пәндерінің оқытушысы Индира Ыхластың заң пәндері бойынша «Сот процесі», құқық негіздері пәнінен «Білім аукционы» іс – шарасын өткізді.

Шара мақсаты мектептерден келген қатысушы оқушылардың заң пәндері бойынша білімдерін бағалай отырып, болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту болып табылады.64553625

Аталмыш іс – шараларға Астана қаласының №7 және 19 орта мектептерінің 9 сынып оқушылары белсене қатысты. Іс — шара соңында мектептен келген оқушылар іс – шараның көңілдерінен шыққандығы айтып, алғыс білдірді. Жеңімпаздар марапатталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.