Home » Жаңалықтар » Астана қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерінің білім министрлерінің жетінші Кеңесінің өтетіндігі жайлы

Астана қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерінің білім министрлерінің жетінші Кеңесінің өтетіндігі жайлы

БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

 2018 жылдың 17-ші қарашасында Астана қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мүшелері елдерінің білім министрлерінің Жетінші Кеңесі өтеді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып отыр.

Бұл Кеңеске ШЫҰ бас хатшысының орынбасары,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі, Үнді мемлекетінің адами ресурстарды дамыту министрі, Қытай халық республикасының білім министрінің орынбасары, Қырғыз республикасының Білім министрі,  Пәкістан Ислам Республикасының білім және кәсіби дайындық министрі, Ресей Федерациясының ғылым және жоғарғы білім министрі, Тәжікстан Республикасының білім және ғылым министрі және Өзбекстан Республикасының жоғарғы және орта арнайы білім министрі қатысады деп жоспарланып отыр.

Кеңес барысында ШЫҰ (бұдан әрі — Тараптар ) мүшелері елдерінің білім министрлері 2006 жылы, 15 мамырда, 2019-2020 жылдарға арналған білім саласы бойынша ынтымақтастық жайлы  ШЫҰ мүшелері елдері үкіметі арасындағы Келісімді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар тізімін, ШЫҰ Университеттерінің Коцепциясын, «Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мүшелері елдерінің білім министрлерінің «Шанхай ынтымақтастығы ұйымының құрметті қызметкері» атты төс белгі» жайлы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мүшелері елдерінің білім министрлерінің Кеңесінің Шешімі талқыланып және қол қойылады деп күтілуде.

Сондай-ақ,  тараптар Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мүшелері елдерінің ұлттық білім жүйесін модернизациялау мен дамуы жайлы  және 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша баяндамалар жасайды.
Іс-шара өтетін орны мен уақыты: Rixos қонақүйі, сағат 10.00-де.

Аккредитация үшін: pressa.edu@gmail.com Арман 87027259713

 

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.