Home » Бес сауал » Астана қаласындағы 30-шы мектептің озық үлгісі

Астана қаласындағы 30-шы мектептің озық үлгісі

Оқушылардан құралған өзін-өзі басқару ұйымы бұл мектепте ерекше. Аталмыш білім ордасының ұстаздар ұйымы мен оқушылары дауыс беріп сайлаған басшылық өз істеріне жең түре кірісуде. %d0%b3%d1%83%d0%bb%d1%8c%d1%81%d0%b5%d0%bd-%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d1%82%d0%b0%d0%b9%d2%9b%d1%8b%d0%b7%d1%8b-%d0%b4%d0%b8%d1%80%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%be%d1%80%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d1%82%d3%99%d1%80

Оқушылардан құралған өзін өзі басқару ұйымы әр мектепте бар. Десек те, Астана қаласындағы №30 жалпы білім беру мектеп-гимназиясында бұл іс ерекше орын алған. Мемлекет басқармасының мектептегі шағын үлгісі деуге де болады. Олай деуіміздің негізі де бар. Мектеп президенттігіне сайлану үшін 9 оқушы ниет білдірген. Әр сыныптың алдында сайлау бағдарламасымен үгіт-насихат жүргізілді. Сайлаудың әділ өтуін бақылайтын 7 адамнан құралған сайлау алды компаниясы болды. Ал сайлаудың өзі жабық түрде өткен. Қорытындысы шыққаннан кейін, жеңіске жеткен үміткердің мектеп ішіндегі жиында инаугурациясы болған. Тілге тиек болып отырған мектептің өзін-өзі басқару ұйымы президенттік аппарат, мәжәліс, парламент, министрлер палатасы, үлкен кеңес, кіші кеңес деп дәлме-дәл мемлекет басқармасы сияқты үлгіні ұстанған.

«Көпшіліктің дауысымен мектеп президенті болып Мұхамед Дамир сайланды. Өткізген алғашқы жиынында ол президенттікке үміткер болғандарды министрлер бөліміне енгізді. Старостаның орнына бізде әр сыныптың депутаты бар. Оларды министрлер тағайындады. Әр дүйсенбіде өзін-өзі басқару ұйымының жиналысы өтеді. ол жиында әр аптаның қорытындысы сөз болып, алдағы уақытқа жоспар жасалады. Оқушылардан құралған бұл ұйым мұғалімдерге де көп жәрдемдесіп отыр. Былайша айтсақ, біздің қолқанатымыздай», — дейді №30 жалпы білім беру мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурмаганбетова Гульсен Амантайқызы.

Мемлекет басқарудың кішігірім көшірмесін қолданып отырған мектептің бұл бастамасы өзге білім ордаларына да үлгі болар іс екені даусыз.

Жалғас Зейноллаев
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.