Астана қаласындағы №73 физика-математикалық мектеп-лицейінде қалалық семинар болып өтті. «Тиімді оқыту мен оқу тәсілі негізінде оқушы білімін сапалық тұрғыда өзгерту» атты тақырыппен өткен шараға қалаға қарасты 75 мектептің ұстаздары қатысты. «Білім беру мазмұнын жаңарту: маңызы мен қажеттіліктері» аясында кеңінен таныстырып, алғысөзін алғыспен бастаған мектеп басшысы Байтажикова Құралай Амангелдіқызы семинар басын ашып берді. Әр білім ошағынан екі ұстаздан келіп, №73 мектеп-лицейінің семинар-тренингтерін барлады. Негізгі мақсат – жаңартылған білім мазмұнын оқу процесіне енгізу. Сабақтар барысында үздік білім ресурстарымен технологияларының элементтерін сабақ беру процесінде пайдаланумен танысты. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі саласы жаңа тәсілдер аясында кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, оқыту тәжірбиесімен алмасу барысында қоғамдастықта бірлесіп жұмыс істейтін мектеп мұғалімдерінің деңгейін көтеруге ықпал етті. Семинарға қалалық білім басқармасының әдістемелік кабинет меңгерушісі Ибраева Гүлнәр Құлмұхамедқызы қатысып, алдағы уақытта ұдайы жалғасатынын айтты.
Г.Алтынбекова
«Білім айнасы»