Home » Ашық сабақтар » Астана — Қазақстан Республикасының астанасы

Астана — Қазақстан Республикасының астанасы

Дусекеева Айнагул
бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты:

білімділігі: Астана қаласы және ондағы өндіріс, демалыс орындары жайлы түсінік беру. Астананың бұрынғы атауы мен қазіргі маңызды мақтаныштары туралы айта отырып, оқушылардың білімдерін толықтыру.

тәрбиелілігі: патриоттық тәрбие беру. Патриоттық сезімдерін оята отырып, Отанын сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

дамытушылығы:  танымдық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін арттыру, ой-өрістерін дамыту.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, арнайы суреттер

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Психологиялық  дайындық.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең – байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Халықтар  достығы.Тақырыпты оқу.  Мазмұнын сұрау.

ІV. Өткенді пысықтау.Сұрақтар қоя отырып, өткен материалды пысықтау.

  1. « Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады»   деген мақалды қалай түсінесің?

  1. Аңыздың тобықтай түйінін айт.
  2. Қандай ұлттармен көршіліеc   тұрасыңдар?

4.Отанымыз қалай аталады?

5.Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?

6.Астанасы қай қала?

7.ҚР Президенті кім?

8.ҚР Мемлекеттік тілі ?

9.ҚР рәміздерін атап бер.

10.Астанасы қай қала?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:тақырыбын , мақсатын хабарлау.

 Жаңа сабақ:

а/  Астана қаласы  туралы кіріспе әңгіме жүргізу.

  1. Сұрақ – жауап.

— Астана республикамыздың қай жерінде орналасқан?

— Бекініс іргесін қалағаннан кейін Ақмоланың тез арада қалаға айналуына қандай жағдайлар қолайлы болды?

— Қаланың болашағы қандай?

— Биыл Елордамызға қанша жыл?

Астана Қазақстанның бас қаласы. Қала ең алғаш орыс үкіметінің бекінісі ретінде орнады. Бекініс әуелде » Ақмола » деп аталады. Тың жерді игеруге байланысты 1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгерді. Астана — Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы.

Қазіргі таңда қала күн сайын жасарып өсуде. Зәулім-зәулім сәулетті де сәнді үйлер бас көтерді. Әсем ғимараттар көбейді. Президент сарайы, Парламент үйі, Балалар мен Жасөспірімдер сарайы, банк ғимараты ерекше сұлулықпен салынған. Көшелері кең көшенің екі жағын бойлай тізілген ағаштар сап түзеп тұр.

ә/Сергіту сәті

б/ Астана тақырыбын оқып, түсіндіру.

в) Слайд   арқылы  көрсетіледі.

  1. Мұғалім түсіндірмесі:

Астана — Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы — Президент Н. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан республиканың басшы орындары — Президент кеңсесі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Парламент көшіп келді. Елімізді басқару жұмыстары осы жерде жүзеге асырылды.

Қала Есіл өзенінің оң жағалауында, Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін, батысы мен шығысын байланыстыратын аса маңызды әуе, автомобиль және темір жолдар торабында жатыр.

Зор бәйтерек кейпінде…- деп белгілі балалар ақыны Ө. Ақыпбекұлы жыр арнаған – биіктігі 97 метрлік «Бәйтерек» кешені Астананың символы іспеттес. Елордамызға келген қонақтардың ең алғаш келетін жері осы. Бәйтеректің ұшар басынан қаланың біраз жері көрінеді. Астана — келісім, бейбітшілік қаласы деп тегін айтылмаған. Бәйтеректе дүниежүзіндегі он жеті дін басының қолы мраморға түсірілген. Қасында бөлек алақанның ойылған ізі бар, оны Елбасымыздың қолы деседі. Биіктен қала көркін тамашалаған бала түгіл, үлкендердің өзі қарай бергісі келеді.

Астанамызды салумен айналысып жүрген құрылысшы — сәулетші аға-аталарымыз балдырған балапандардың да алаңсыз ойнап, күліп, шаттануларын да ұмытпапты.

Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан «Думан» ойын-сауық орталығы балғындардың сүйікті орны. Мұндағы «Мұхит аралы» (Океанариум) Қазақстандағы тұңғыш әрі бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі мұхиттан 3мың шақырымға жуық қашықтықта жатқан бірден-бір- «Мұхит аралы». «Мұхит аралында» 3 миллион литр су бар. Қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған. 70 метрлік дәліз бен түрлі мөлшердегі 11 аквариумнен тұратын екі үлкен көрме аумағындағы түрлі-түрлі балықтардың тіршіліктеріне жақыннан қарауға болады.

Бұл аквариумдағы «Мұхит арадың» ең ірі тұрғындары — акулалар, алып алабұғалар, тәкаппар губандар-Наполеондар, коралл трауттары және өзге де балықтар тіршілік етуде.

Сонымен қатар «Думан» ойын-сауық орталығы, «Самұрық» кинотеатры,

Бәйтерек, Гүл сағатын басқа да аквапарктерді көрсең көзің тояр емес.

 в/ Тақырыпты оқу:іштей оқу, тізбектей оқу,  жеке-жеке оқу

Тапсырмаларды орындау.

Астана туралы білетін тақпақтарын айту.

ҮІ.Дәптермен  жұмыс

Ойын:

 Қала аттарын атау.( 1- қатарға)

Қазақстандағы өздері білетін қалаларды атын жазады.

Астана

Алматы

Қарағанды

Атыраут.б

Ұлттарды  атау. ( 2 — қатарға)

Қазақстандағы  өздері  білетін  ұлттарды  атын  жазады

1.Қазақ

2.Қырғыз

3.Татар

  1. Азербайжан
  2. Өзбек т.б

ҮІІ. Түсінгендерін тексеру:

а/ Сұрақтарға жауап алу.

  1. Астана сөзінің мағынасы нені білдіреді?
  2. Қала туралы сен не айта аласың?
  3. Астанада қандай өндіріс орындары бар? Одан нелер өндіреміз? 4.Қандай демалыс орындарын білесіңдер?
  4. Өздерің қандай жерлерде бодыңдар?

ҮІІ. Бекіту. Бүгін не өттік?

Елін, жерін құрметтеуге , қадірлеуге байланысты қандай өлең – тақпақтар айтасыңдар?.

ҮІІІ. Үйге тапсырма1. оқу, мазмұнын айту.

ІХ.  Бағалау

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.