Home » Жаңалықтар » Астана – Қазақстан бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны

Астана – Қазақстан бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны

Ақпанның 17 жұлдызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуінің 20 жылдығына арналған «Астана – Қазақстан бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны» атты жаңа тұрақты экспозицияның ашылуы болып өтті. Мұражай ішіндегі Алтын залы лентасының қиылу рәсімі ел қалаулылары Сулейменов Тулеутай Скакович, Башко Владимир Картович және де Аманшаев Ермек Амирхановичке бұйырды.   Экспозицияның Астанадағы алғашқы Президент резиденциясының «Алтын» залында орналасуының мәні ерекше. Дәл осы жерде 1998 жылы Астана құрылысының эскиз-идеясына жарияланған ашық халықаралық конкурстың жеңімпазы Кисё Курокава өзінің жобасын ұсынған болатын. Осы Алтын залда қала құрылысының бас жоспары қабылданған.
Аталмыш экспозиция музей жинағының материалдарын талдау және қызметкерлердің іздену жұмыстарының негізі елорданың қалыптасуы мен даму тарихының кешенді түрде зерттеу нәтижесі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының кітапханасында қажетті дереккөздер қоры жиналған: мұражай жинақтары Н.Ә.Назарбаев бастамасымен және тікелей қатысуымен жүзеге асырылған тәуелсіздік кезеңіндегі оқиғалар мен үдерістерден көрініс беретін заттық-бұйымдық жәдігерлер кешенін қамтиды. Мұрағат мемлекет басшысының саяси бағытын дәлелдейтін бірегей құжаттарды құрайды. Астана құрылысы және даму мәселелері бойынша кеңестерде сөйлеген сөздерінің мәтіндері, елордамызды көшіру мәселелеріне қатысты кездесулердің жұмыс жазбалары жазылған блокноттар, БАҚ өкілдеріне сұхбаттар, баспасөз мәжілістерінің стенограммалары тәрізді фото және дәстүрлі құжаттар сақтаулы. Қазақстанның жаңа елордасы – Астана қаласының бекітілуіне орай өзге мемлекеттердің басшыларынан келген құттықтау хаттары бар.
Экспозиция төрт төрт тақырыптан тұрады. «Қазақстан астанасының Алматыдан Ақмолаға көшірілуі – Қазақстанды жаңғыртудағы жүйелі реформалардың маңызды бөлігі», «Астананың қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі», «Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы», «Қазақстан астанасының халықаралық имиджі». Негізгі экспозицияны Қазақстанның астаналар тарихы туралы ақпараттар жинағы ашады.
Жаңа астанамыздың қалыптасуы ел тарихындағы тағдыр шешті оқиға болды. Астана әлемдік саяси картасынан нық орын алды. Елордамыз бүгінде халықаралық маңызы едәуір өсті. Тіпті, қазір Астана әлемдік және дәстүрлі діндер лидерінің бас қосатын, адамзат алдындағы қазіргі заманның жаhандық мәселелерін шешуде саяси әрекет ету бастамаларын ұсынатын орны, ХХІ ғасырдың сәулет және қала құрылысын жаңалау аймағы деп атайды. Тарихтан сабақ алумен жолдың бағыты айқындалады екен.

Қуаныш Тұрғанбай

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.