Жақында Павлодар облысының барлық білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында бірыңғай тақырыптық сынып сағаттары өтті.
Павлодар қаласының №18 жалпы орта білім беру мектебінің 5 «А» сынып жетекшісі Бибигүл Иманғалиева «Астана – ел бірлігі мен тәуелсіздігінің белгісі» атты сынып сағатын өткізді.
Оқушылар дәрісхананы Елорданың көрінісі туралы суреттер бейнеленген қабырға қағаздарымен безендіріп, бас қаламыздың кешегісі мен бүгініне шолу жасады. Өнерлі әрі белсенді шәкірттер Тәуелсіздікке арналған жаңа туындылардан мәнерлеп үзінділер оқып, ән шырқады.
Теңдік АХАТОВА,
№18 ЖОББМ,
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі,
Павлодар қаласы