Home » Жаңалықтар » Астана армандардың қаласы №27 «Балауса» …

Астана армандардың қаласы №27 «Балауса» …

«Толқынды толқын» қуса, Арманнан арман туатыны тағы бар.  Кейде қиялға беріліп, елеспен әлемді суреттеп жіберетін кездер болады. Бүгінде шимай салып, сол әрлі- берлі сызылған сызықтарда, қиялыңның қаншалықты шалғайда тұрғанын ескермеу мүмкін емес болыпты. Жә, нақты іске көшейін.

Қыркүйектің алғашқы күндерінің бірінде Астана қаласының Білім басқармасына қарасты № 27 «Балауса» балабақшасының ұйымдастыруымен «Сурет салудың дәстүрден тыс техникасы» (Нетрадиционные техники рисования) атты мастер класс өтті. Бұл жобаға аталмыш балабақшаның ата-аналары қатысушы ретінде шақырылған екен. Созылып, сәл пәл кешігіңкіреп жиналғаны болмаса дерлік, бір шама ата-ана жиналды. Мастер класс жетекшісі әрі бастама авторы Эльвира Сапарбайқызы қобалжулы сөз басын бастағанымен келе-келе ашылып, өз өнерін ата-аналармен бөлісуге келгенде еш іркіместен жанын салуға тырысып, бар білгенін, бейнелеу өнерінің әлемге тән өнер екенін көрсете отырып, осы салада майталман екенін дәлелдей білді. Ол кісі өз өнерін төртке бөліп қарастырған «Граттаж» – Тырмалап сурет салу,  «Кляксография с трубочкой, Выдувание» – қағаз бетіне түскен тамшы суды трупка арқылы үрлеп сурет салу, «Монотипия» – шыны немесе қыш бетіне сурет салып оны қағазға жабыстыру, «Ниткография» Қағаз арасына дуппен бірге сурет салып, жіпті суырып алу. Бұл ережелердің бәрі бір түрлі болып көрінгенімен бала ойына әсер ете отырып, ойнау тәсілі арқылы өнерге баулуды шыңдайтынын көрсететіндей. Ата-аналар бір адамдай ат салысты. Шеберлік сыныбы кезінде ол кісілерде өнерлерін ортаға салып, осындай іс шараның бастамасы болған Каримова Эльвира Сапарбайқызына алғыстарын жаудырып жатты.

Қызметкерінің өнері мен білімін қолдап, іс шараны ұйымдастыруға жағдай жасап, өзі де қатысып, басы қасында жүрген №27 «Балауса» балабақшасының меңгерушісі Әсел Әділбайқызының  жаста болса бас болған азаматтығына сүйсіндік.

               «Білім айнасы»
Астана

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.