Home » Жаңалықтар »          Астанаға ЭКСПО-ның жас елшілері келді

         Астанаға ЭКСПО-ның жас елшілері келді

               Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «EXPO-2017″көрмесінің жас елшілері» атты жазғы мектептің ашылу кеші өтті. Ол үшін республиканың түкпір-түкпірінен «Болашақ энгергиясын» өз көздерімен көруге жүзден астам оқушы елордаға арнайы келген.
Іс-шара балалардың ЭКСПО қабырғасында демалыс күндерін өткізу үшін ұйымдастырылған. Балалардың жол билеттерін Зияткерлік мектептер оқушыларының арнайы ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкелерінен түскен қаржыға алынған. Ал, негізгі бас демеуші Халық банкінің «Халық» қайырымдылық қоры.
Кештің ашылу бағдарламасы концерт түрінде басталып, кешті «Кәусар» би тобы мен мектеп оқушыларынан құралған ансамбльдің орындауындағы «Әлқисса», «Балбырауын» күйлері қыздырды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар оқушы қонақтарға «EXPO тартуы» сыйлығын табыстап, ұйым басшылары балаларға ақ тілектерін жаудырды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру  ұйымының Басқарма төрайымы Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы: «Біз сіздердің ЭКСПО-ны тамалағандарыңызды шын жүректен қаладық! Сол үшін әртүрлі жәрмеңкелер ұйымдастырып сіздерді шақыруға мүмкіндік алдық. Сіздер енді қаламыздың ең көрікті орындарын тамашалайтын болдыңыздар. Астанаға қош келдіңіздер!» — десе, Астана қалалық Халық банк филиалының директоры Ракимова Жанар Амантайқызы: «Сіздердің Астанадағы уақыттарыңыздың көңілді өтуін қалаймыз! Көптеген жақсы естеліктеріңіз осында өтсін!» — деп, балаларға сәттілік тіледі. Жас елшілер ЭКСПО-ның бас экспозициясы «Нұр Әлем» кешенін, Қытай, Германия, Оңтүстік Корея, Ресей және басқа да елдердің павильондарын тамашалайтын болады. Сонымен қатар балаларға елорданың көптеген әсем жерлерін аралату жоспарлануда. Мәселен Бәйтерек монументін, Астана Операны, «Думан» океанариумын, «Атамекен» этно-мемориалдық кешенін, С.Сейфуллин мұражайын, «Жастар» театрын, Тұңғыш Президент кітапxана мұражайын, Қарулы күштер мұражайын аралау көзделуде. Нұржол бульварында серуендеп, Есіл өзенінде қайықпен жүзу қарастырылған. Халық банкінде оқушыларды теңгенің және отанымыздың қаржы нарығының пайда болу тариxымен таныстыру ұйымдастырылады.
Бұл саяxат 19-23 маусым күндері аралығында балаларға керемет демалыс сыйлайтын болады.



Азамат МӘУЛЕНҰЛЫ
Білім айна
сы
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.