Ағымдағы айдың 10-ы мен ақпан айының 10-ы аралығында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы бүгінде қарқынды жүруде. Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен балаларға қаржылық, материалдық көмек көрсетілуде.
Бас қалада дәстүрге айналған игі шараға барлық білім беру ұйымдары атсалысады. Мектепке қабылданбаған мектеп жасындағы балалар анықталып, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетіледі. Ол үшін 2970 мұғалім 70785 пәтерді аралап, балалардың жағдайымен танысады. Жоспар бойынша 3000-ға жуық балаға көмектесу көзделуде. Қажетті қаржының бір бөлігі жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен қарастырылса, қалғаны ерікті демеушілердің есебінен жинақталады. Бүгінде Астана қаласында ата-ана қамқорлығынсыз қалған 980 оқушы, аз қамтылған отбасынан шыққан 1572 бала бар екендігі белгілі болып отыр.
Айта кетейік, 2016 жылы аталмыш акция аясында 2848 жеткіншекке қолдау көрсетілді. Оған жалпы сомасы 19 143 334 теңге жұмсалды.
«Білім айнасы» редакциясы