2018 жылдың 6 желтоқсаны – Бүгін елордада ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» РТРК» АҚ, ҚР-дағы АҚШ Елшілігі және Қазақстан Баспасөз клубы ұйымдастырған жыл сайынғы QAZFORUM 2018 конференциясы өтіп жатыр.
Биыл форумның серіктестері ретінде «KaspiBank» АҚ, «Kcell» АҚ және «AirAstana» АҚ қолдау көрсетіп отыр.
QAZFORUM – қазақ тілді онлайн-медианы дамыту мәселелеріне арналған бірегей алаң. Ол – қазақ тіліндегі онлайн-ресурстар мен digital-коммуникацияларды дамыту мәселелеріне арналған елордадағы бүгінгі күні жалғыз әрі тиімді алаң.
Форум мақсаты – қазақ тілді онлайн-медианы дамыту, сапалы контентті арттыру және қазақ тілді ғаламтордың көкейтесті мәселелерін шешу жолдарын іздеу. Форум аясында қазақ тілді медиа алдында тұрған қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған тұрақты пікірталас алаңы құрылып отыр.
QAZFORUM шымылдығын сәлемсөзбен ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев ашты.
Биыл конференцияға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген журналистер, блогерлер, медиа сарапшылары қатарнан 150-ге тарта адам қатысып отыр. Биыл ұйымдастырушылар форум атауын өзгертіп, өткен жылдардағыдай қазақ тілді сайттарға ғана көңіл аударып қана қоймай, Форумда қарастырылатын тақырып аясын кеңейте отырып, БАҚ-тағы қазақ тілді контентті жасау мәселесін ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да заманауи интернет-платформалардағы контент мәселесін қозғауды жөн көрді. Ұйымдастырушылар қатысушылардың кәсіби деңгейін көтеріп, аса маңызды деген мәселелерді ортақтаса шешу арқылы ғаламтордағы қазақ тілді контентті ары қарай дамытуға ниетті.
«Мен қазақ контент жасаушылар форумын медиа нарығы үшін маңызды іс-шара деп есептеймін. Ол маңызды беталыстарға назар аудартып, көкжиекті кеңейтеді, қазақстандық журналистерге сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерге дайын болуға көмектеседі», — деп атап өтті Теодор Линг, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Уақытша Сенімді Өкілі.
Іс-шараның бірінші сессиясында контентті басқаруға арналған заманауи технологиялар жайлы сөз қозғалды. Мемлекеттік тілдегі контент үлкен қарқынмен дамып, көптеген адамдар ақпаратты қазақ тілінде тұтына бастады. Алайда жаңа жағдайлар жаңа талаптарды қойып отыр: қазақша контентті шығарып қана қоймай, оны басқару да қажет. Қазақ тілді БАҚ осы бағытта дұрыс жұмыс жасап жатыр ма, олар өз аудиториясын біле ме және ең озық технологияларды қолданып отыр ма?
Осы орайда «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Думан Қожахметов, 7kun.kz іскерлік жаңалықтар сайтының негізін қалаушы Ербол Азанбек, «Baribar» сайтының негізін қалаушы Ербол Серікбай, «Balapan» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай және қазақстандық саясаттанушы Айдос Сарым өз идеяларымен және пікірлерімен бөлісті.
Екінші секция ақылды журналистикаға, заманауи аналитика құралдарын табысты түрде қолдануға, онлайн-технологиялар мен үдерістерді автоматтандыруға арналмақ. Nur.kz интернет-порталының бас редакторы Павел Притчин, «Informburo» жаңалықтар сайтының бас редакторы Михаил Дорофеев, «Galamattech» ЖШС бас директоры Абай Серғазиев, «Аналитика және BigData қауымдастығының» президенті әрі кәсіпкер Сергей Ахметов, «Атамекен» ҰКП IT-кеңесінің төрағасы Мирус Құрмашев өз кейстерімен және тәжірибелерімен бөлісті.
Форумның екінші жартысында қатысушылар «хайп мәдениеті» деп аталатын феноменмен етене танысып, осы ерекше құбылыстың тетігі жайлы біліп, брендтерді ілгерілетуге арналған стратегияларды меңгереді.
Осы секция аясында музыкалық продюсер Ерболат Беделхан, тележүргізуші Динара Сәтжан, журналис әрі блогер Өркен Кенжебек, «Ұлан» газетінің редакторы Жұлдыз Әбділдә және «Шоу Ирины Кайратовны» жобасының режиссері әрі авторы Қуаныш Бейсеков сөз сөйлейді деп күтілуде.
Форум аясындағы қорытынды сессия болашақтағы трендтерге шолу жасамақ. Қатысушылар қысқаша сөз сөйлеу форматында алдағы уақытта медиа саланы не күтіп тұрғандығы жайлы ойларымен бөліседі. Қандай тәуекелдер мен қауіптер, трендтер мен технологиялық жаңалықтар бізді күтуде? Осы секция аясында IT-аналитик және медиа-жаттықтырушы Тимур Бектұр, маркетолог және Yuframe шығармашылық бірлестігінің негізін салушы Расул Абдуллаев, BTS digital компаниясы білім беру орталығының бастығы Саясат Нұрбек және журналис әрі медиа-жаттықтырушы Асхат Еркімбай өз идеяларымен және ойларымен бөліседі.
Кешке қарай Форум қатысушылары іс-шараны қорытындылап, бейресми ортада таныстығын жалғастырмақ.
QAZAQFORUM 2018 спикерлерінің сөйлеген сөздерін әлеуметтік желілерде онлайн арқылы тыңдауыңызға болады:
В Facebook – KazakhstanPressClub / Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы
В Instagram — @kazpressclub / @qazforum
В Twitter — @KazPressClub
Қосымша ақпарат алу үшін:
Әсел Тұрманова, astana@pressclub.kz 87172 57 63 38 / 8 701 744 07 25