Home » Жаңалықтар » АСТАНАДА ТӘУЕЛСІЗ ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІНДЕ ТАҢДАП АЛЫНҒАН ЕҢ ҮЗДІК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТТЕРІН МАРАПАТТАУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

АСТАНАДА ТӘУЕЛСІЗ ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІНДЕ ТАҢДАП АЛЫНҒАН ЕҢ ҮЗДІК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТТЕРІН МАРАПАТТАУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

2018 жылдың 5 қазаны PR және коммуникация мәселелерін дамытуға арналған алтыншы PR Forum Astana конференциясы аясында тәуелсіз дауыс беру қорытындысы бойынша ең үздік баспасөз қызметін және ең үздік баспасөз хатшысын марапаттау салтанаты өтті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР ІІМ Төтенше оқиғалар комитетінің қызметі мемлекеттік органдар арасындағы ең үздік баспасөз қызметі болып атанды. Ұлттық компаниялар арасында бірінші орынды «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі иеленді. Ең үздік баспасөз хатшысы атағы ҚР ІІМ Төтенше оқиғалар комитетіндегі қызметі үшін Руслан Иманқұловқа берілді.

Форумды ҚР Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциацияның қолдауымен PG Communications/Қазақстан Баспасөз клубы «PR-шы» қазақстандық PR-кәсіпқойларының клубымен бірлесе ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, келесі жылы байқау аясындағы аталымдардың саны арттырылып, байқауды жыл сайын өткізіп тұру жоспаланып отыр.

Алтыншы PR Forum Astana конференциясына бүкіл Қазақстаннан мемлекеттік құрылымдар, ұлттық компаниялар мен бизнес-құрылымдардың бас хатшылары мен қоғаммен байланыс жөніндегі менеджерлері, медиа-қауымдастық өкілдері, барлығы 120-дан аса адам қатысты.

Қалыптасқан дәстүр бойынша іс-шараның бас серіктесі ретінде «Теңізшевройл» компаниясы ат салысты.

 

 Айгерім Оразбаева   

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.