Home » Балабақша » Аспанда да, жерде де, Жолың болсын жолаушы

Аспанда да, жерде де, Жолың болсын жолаушы

Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін есте сақтауға, жол белгілерінің түрлерімен атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Есте сақтау қабілетін, қызығушылығын арттыру, бәрімізге қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу. Жолда жүру мәдениетіне үйретіп, сақтыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жол белгілері, суреттер, шарлар, парашют, видеоролик.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен ән айту, жол белгілері жайлы қызықты мәліметтер.

Тәрбиеші:

-Сәлеметсіздерме апайлар!

«Қарлығаш» тобының «Аспанда да, жерде де, Жолың болсын жолаушы» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Балалар апайларымызбен амандасайық…

Біздің елде әр түрлі көліктер жылдан жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көшедегі жолаушылар саны да көбейе түсті. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол көлік оқиғаларынан көбіне балалар зардап шегуде, өйткені көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біз бүгін «Аспанда да, жерде де, Жолың болсын жолаушы» атты жолаушыларға арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше қош келдіңіздер!

Балалар «Саяхатшылар»әнін хормен айтып, әуе кемесімен кіреді.

Алыс, алыс елдерге

Орман, тоғай көлдерге

Саяхаттап кетеміз

Армандарға жетеміз

Биік-биік таулардан

Гүл жайнаған баулардан

Теңіздерден өтеміз

Армандарға жетеміз

Кең жазира далалар

Түрлі түрлі қалалар

Бар әлемді шарлаған

Біз бақытты балалар

Біз көңілді баламыз

Әсем әнге саламыз

Ақпыз, қара, сарымыз

Бақыттымыз бәріміз

Балалар орындарына отырады.

Жол белгілерін видеоролик арқылы түсіндіріп  өтеміз.

Балаларға көрнекілік арқылы сұрақ қою.

Серік Ибрагимовтың «Жаяу» әні:

Марлен, Жоламан, Алишер балаларымыз орындайды

Жаяу жүре білсең
Өмір сүре білсен
Қадамды алшақ басып ойын самғасын
Көлікке мінбеймін
Поезбен жүрмеймін
Ұшақта ұшпасамда аяқталмасын
Жаяу алыс емес тауында
Баяу мен жетемін ауылға

Қайырмасы:

Қалада да да келемін жаяуда
Жүрек дүрс дүрс дүрс дүрсілдеп қағуда
Бағына на на дауыл мен суық жауынға
Тамаша табиғат жаяу жүр жауында

Әнді керемет орындаған балаларды орындарына шығарып саламыз.

Тақырыбымыздың басты тақырыбына арналған

«Аспанда да, жерде де, жолың болсын жолаушы» әнімен

Жансая мен Айжанды шақырамыз.

Балаларды марапаттау.

Келген қонақтарға алғыс білдіріп қоштасып шығарып салу.

Тәрбиеші: Сау болыңыздар жолаушылар, апайлар!

Балалар әуе кемесіне отырып әндерін айтып шығып кетеді.

Амантаева Ақбота Асқарқызы,
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
Төретам кенті
№4 «Күн нұры» балабақшасының тәрбиешісі.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.