Адам баласы ұлылыққа ұмтылады, ұлылардан рухани әлеміне азық іздейді. Олардың өміріне табынады, таңданады, тағылымды еңбектерімен сусындайды. Ал олардың бойынан шыққан ұлылық өмірмен өлшенетінін өмірінің мәнімен байланысатынын байқамайда мән бермей де жатамыз. Мен әр адам өз ұлылығына жету жолында өмір сүрсе, өз өмірін мәнді ету жолында күресе білсе, мақсат қойып жете берсе сол ұлылыққа жеткені деп бағалар едім. Бала жанының бағбаны , жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза әдепті ой өрісі кең жан жақты білімді ұстамды өз ойын балаға анық дәл жеткізетін болуы керек. Ол үшін көп ізденіп білімін шыңдап отырса еңбегі еленеді. Жаңа қоғамға әрине жаңа адам керек. Осындай өмірінің мәні мен сәнін, ұлылығын ұстаздықтан іздеген жан ретінде әріптесім Ордабасы ауданы, Шубарсу ауылы «Ай-Ару» бөбекжай балабақшасы ЖШС «Арай» ортаңғы тобының тәрбиешісі жас мамандардың тәлімгері Кулжанова Айман Жақсылыққызы десем болады. Айман сөзі майда,құлаққа жағымды үнімен жүрегіне сені баурап алатын, балабақшаның ақылшы ұстазы, әр істің басы мен қасында жүретін ұйымдастырушысы ұйытқысы. Әрдайым ізденіс үстінде жүретін Айманның қол өнерге деген қызығушылығы да басым. Балабақшадағы балаларға сол өнерді меңгертуден еш жалықпаған Айманның тобындағы бүлдіршіндер қашықтықтан өткізілген республикалық «Алтын ұрпақ» сурет салу мен ермексазбен жұмыс байқауынан бірнеше бүлдіршіндері І-ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Айманның әрбір өткізген ұйымдастырылған оқу қызметтері, мерекелік іс- шаралары,ертеңгіліктері жаңа жаңалықтарға толы заманауи үлгіде өткізіледі. Әр бір ісіне дайындықты терең зерттеуден бастайтын әріптесімнің жұмысы әр кез озық нәтиже береді.Ұстаз-ізгілік дәнін сеуіп игіліктің кенін игеруді армандайтын адам. Бірақ шын шеберлік шынайы еңбекпен келеді. Айман өзінің шынай еңбегімен ғана өз мақсатына жеткен адам деп әріптес ретінде бағалаймын. Ерекше қасиетімен жан-жағына шуағын шашатын Айман мен «Ай-Ару» бөбекжай балабақшасының ұжымын наурыз көктем мерекесімен құттықтап өмірлерінің мәніне айналған бүлдіршіндерінің сүйіспеншілігіне бөлене берсін деп тілеймін. Отбасындағы береке бірліктің ұйытқысы,балаларыңыздың ақылшы да,аяулы анасы болып жүре беріңіздер!
Искакова Асемкул Мырзабековна,
«Ай-Ару» бөбекжай балабақшасы
ЖШС әдіскері