Home » Жаңалықтар » Тәрбие — тал бесіктен басталады

Тәрбие — тал бесіктен басталады

Тәрбие — тал бесіктен басталады

                 «Рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие» атты кластердің шеңберінде Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының арасында «Тәрбие тал бесіктен басталады» атты семинар өтті. Семинарға– Астана қаласы Білім басқармасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы Л.М.Разбекова; Білім басқармасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің әдіскері Әсел Әділбайқызы, Білім басқармасының Білім беруді жаңғырту орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы А.Н.Нұғыман және балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.
Концерттік номермен басталған шара ата-аналардың ұйымдастыруымен өткен әжелер сайысына жалғасты.
Асыл қазынаны жаңғыртқан «Ал, қанекей танысайық!», «Тіл майталманы» (мақал-мәтелді жалғастыру), «Өнерің өрге жүзсін!»,«Шебер қолдар», «Көненің – көзі, асылдың – сөзі» деп аталатын кезеңдердің мазмұны бір-бірінен асып түсті.
Әжелеріміз өнерлерін ортаға салып көрермендердің қошеметіне ие болды. Сайыста Сарбиноз әже І орынды, Бибі әже ІІ орынды жеңіп алса, ал Мая және Нурия әжелеріміз ІІІ орынды өзара бөлісті.
Келесі кезекте балабақша психологы Қ.Абдрахманова келген қонақтармен тренинг өткізді. «Тәрбие тал бесіктен басталады» атты музыкалық сахналық қойылымды тамашалаған қонақтар ерекше көңіл күйде отырды. Семинарды қорытындылаған кластер жетекшісі Н.Г.Юсупов шараның жоғары деңгейде өткенін айтып баға берді.

 

 

Асанова Назерке Құрбаналықызы,
Астана қаласы,
№69 «Еркем-ай» балабақшасының қазақ тілі пәні мұғалім

 

і

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.