Home » Ашық сабақтар » Асанова Назерке Құрбаналықызы

Асанова Назерке Құрбаналықызы

Асанова Назерке Құрбаналықызы,
№ 69 «Еркем-ай» балабақшасы

«Мен ғарышкер боламын»
атты тақырыптық
ашық оқу қызметінің жоспары

Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақта, зымыран суреті, үн таспа.
Әдіс — тәсілдер: Жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын, сұрақтар.
Жүру барысы:
Шаттық шеңбер:
Сәлем саған жер анам,
Сәлем саған алтын күн.
Сәлеметсіздер ме апайлар,
Сіздерді көргеніме қуанам.

Тәрбиеші: Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?
Ал көктемнің қай айы?
Сәуір айында қандай мерекелер бар?
Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер күні. Бүкіл халық бүгін мерекені тойлап жатыр. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жерде болса тұрағым,
Марсқа ұшып тұрамын. \ғарышкер\

Зымыранмен ғарышкерлер ғарышқа ұшады. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарышқа ұшатын Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Байқоңыр өзіміздің Қызылорда обылысында орналасқан. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады. Ең алғаш 1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа ұшқан Ресей азаматы Ю.А.Гагарин болды. Ю.А.Гагарин бұрын ең бірінші ит Белка Стрелка ұшырылған.
Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?
Балалар ғарышқа не үшін ұшады?
Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.
Слайд: аспан әлемі
Ең бірінші болып ғарышқа кім ұшты:
Юри Гагарин
Ал қазақ жерлерінен кімдер ұшты?
Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев. Айбек Айымбетов(слайд).
Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?
Зымыран қалай ұшады?
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?
Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетаны зерттеп ашық аспанда жүреді.
Слайд ғарыштағы сурет.
Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.
Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді, от жағып пісіре ме?
Жоқ оларға әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді. Балалар сендер ғарышкер болғыларың келеме?
Білесіңдер ме ғарышкер болу үшін ең алдымен шынығу керек дейді, енді бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасап алайық.
Әуен арқылы сергіту жаттығуын жасату.
Ән: «Мен ғарышкер боламын»
Есік қағылады. Зымыран мен қуыршақ ғарышкер қонаққа келеді.
Ой балалар есік қағып тұр, мен барып көріп келейін. Зымыран мен қуыршақ ғарышкерді алып келіп ортаға қояды. Қуыршаққа құлақ тосып сөйлеседі. Қуыршық көмек сұрай келген екен, тапсырмаларын орындау керек. Көмек көрсетейік, сонда ол аспан әлемін зерттеуге ұша алады екен.
Тапсырмалыры:
1. Зымыран құрастыр.
2. Түстерін ажырат
3. Пішіндерін ата
4. Неше бөліктен тұратынын сана
Ойын: «Зымыранды құрастыр»
Жаңылтпаш.
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер,
Айтшы, ғарыш алыс па?
Қорытынды:
Ең бірінші ғарышқа кімдер ұшты?
Аспанда нелер болады , балалар?
Ал зымыран бізге не үшін қажет?
Зымыранмен кімдер ұшады?
Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз?
Балалар сендерге көп рахмет, бүгінгі сабағымыз аяқталды барлығыңда өте жақсы қатыстыңдар, енді апайларға сау бол айтайық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.