Home » Ашық сабақтар » Асанова Назерке Құрбаналықызы

Асанова Назерке Құрбаналықызы

Асанова Назерке Құрбаналықызы,
Астана қаласы
№69 «Еркем-ай» балабақшасы
«Қарақат» ортаңғы тобы

Ойыншықтар сыры

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Ойыншықтар сыры.
Мақсаты: Білімділік. Балаларды ойыншықтардың түрімен, қасиетімен,түсімен оның көлелімен, пішіндерімен таныстыру.Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын дамытуда дыбыстық мәдениетті қалыптастыру. Өлең, тақпақ арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру.Ойыншықтарға деген жылулық сезімдерін ояту
Дамытушылық: Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорларын молайту. Балалардың қабылдау, есте сақтау қабілетін дамыту.Ойыншықтарға деген қызығушылығын,сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Ойындар ойнату арқылы достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Түрлі – түсті ойыншықтар, үн таспа.
Әдіс – тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойын,драматизациялау.
Сабақ барысы: Балалар келген қонақтармен амандасып, шеңбер құрады.
— Сәлеметсіздерме?
Тәрбиеші: Далада күн сәулесін төгіп тұр, ендеше бәріміз бірге шаттық шенберін жасап алайық
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Біз бақытты баламыз

Күлдірген келеді де балаларды күлдіреді (шарға отырып шар жарады)
Балалар менің атым күлдірген, әрі сиқыршымын. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып түрге енеді.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге Күлдірген қонаққа келіпті.
Күлдірген :Балалар сендер ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Олай болса менімен бірге ойыншықтар дүкеніне саяхатқа барайық. Ол үшін бәріміз бірге сиқырлы сөзді айтуымыз керек.
Бірге: Абрака-кадабра, ақалай-мақалай! Суф! (перде ашылады)
Сатушы: Сәлеметсіздерме? Менің ойыншық дүкеніме қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса кәне, балалар ойыншықтармен сырласайық.
Сатушы: Сендер қандай ойыншықтарды көріп тұрсындар айтындаршы.
Балалар: Аю, сиыр, доп, қоян, қуыршақ, мысық,ит,құрастырғыш,ұшақ.
Тәрбиеші: Ойыншықтар әр түрлі болады, Қатты, жұмсақ. Көңілді, қорқынышты болады екен.Сендерде қандай ойыншықтар бар?
Күлдірген: Балалар ойыншықтар туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалар: Иә                                                  
Аружан:
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.
Шырайлым:
Ойыншықтарды шашпаймын,
Түймемді өзім қадаймын.
Жуып жеймін үнемі,
Алма, алмұрт, шиені.
Сатушы: Балалар мына жердегі ойыншықтар өз қатарларын шатастырып алыпты, оларды дұрыс орналастырайық.
Тапсырма:
Ойыншықтарды ретімен орналастыр.
(Малбертке тапсырманы орындау.)
Күлдірген:
— Мынау не?
— Сиыр.
— Сиыр қалай дыбыстайды?
— Мө, мө дейді.
— Мынау не? (мүйіз)
— Неше мүйізі бар?
— Мынау не? (ит) З тілде
— Ал ит ше? ырылдайды
— р-р-р
— Ал мынау не?
— Қуыршақ.
— Қуыршақ қандай? Әдемі
— Қуыршақты ұстап көрейікші.
— Қуыршақ қатты.
— Ал мынау не? – Доп З тілде
— Доптың пішіні қаңдай? Кім айтады?
— Дөңгелек.
— Түсі қаңдай?
— Ал мынау не? З тілде
— Аю
— Аю қандай? Үлкен, маймақ.
— Аю нені жақсы көреді
— балды
Енді балалар аюмен бірге сергіту жаттығуын жасайық.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп теріп алайық
Қалтамызға салайық
Тәрбиеші: Кішкене серігіп, көңіл — күйімізді көтеріп алдық.Ал енді балалар сабағымызды жалғастырайық.
Тәрбиеші: Күлдірген, біздің балалар тек ойыншықтардын атын ғана білмейді, олар туралы тақпақтар да біледі.
Күлдірген: Сендер бізге ойыншықтар туралы тақпақтар айтып берсеңдер, біз сатушы апай екуміз мына ойыншықтарды силыққа береміз.
Ілияс:
Ойыншығым құрастырғыш,
Көрсетеді көмегін.
Кімге көлік, кімге үй,
Құрастырам керегін.
Алиша:
Ойыншығым қонжығым,
Анасын да білмейді.
Қорбаңдаған аюды,
Түсінде де көрмейді
Темірла
Ойыншығым көжегім,
Қорықпайды, қашпайды.
Тәтті сәбіз ұсынсам,
Ұстай алмай тастайды.
Инабат:
Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді
Нұрдаулет:
Ұшағым бар ойыншық,
Ұщырмасам ұшпайды.
Айналам деп аспанды,
Шаршағанға ұқсайды
Қайсар:
Ойыншығым күшігім,
Сүп сүйкімді, жұп жұмсақ.
Шіренгені болмаса,
Отырғандай ұл жұмсап.

Тәрбиеші:Балалар бүгінгі өткен сабағымыз сендерге ұнады ма? өте қызық болды.
Өте жақсы балалар. Сабақта ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айттыңдар, ойын ойнадыңдар сендерге көп көп рахмет. Осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды.
Ойыншықтарға арнап ән айтайық.
Ән: Ойыншықтар әні.
Қонақтармен кош айтысайық.
Балалар: сау болыңыздар, келесі кездескенше.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.