Саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Гимнастикалық адыммен жүруге дағдыландыру. Дұрыс еңбектеуді үйрету. Кедергі арқылы еңбектеу. Балалардың дене бітімі дұрыс дамуын қалыптастыру. Ептілікке тәрбиелеу. Ойын шартын мұқият сақтай білу. Ұйымшылдыққа баулу.
Қолданылған құрал-жабдықтар: ысқырық, құм толтырылған кішкене қапшықша, кедергі (құрсау), түлкі бетперделері, медальдар.
Қимылды ойын: «Түлкі мен қақпан»
Қатысқан бала саны: 15
- Балалар адыммен, әуенмен спорттық залға кіреді.
2. Сапқа тұру, сәлемдесу.
Балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындығы пысықталады. Спорттық форма барлық балаларда бар.
3. Саптық жаттығулар орындалады
4. Арнаулы жаттығулар
- Аяқтың ұшымен
- Аяқтың ішкі, сыртқы қырымен
- Қоян ұқсап секіру
- Аю ұқсап жүру.
- Жалпы дамыту жаттығулары
- Б.қ.: негізгі тұрыс. Оң қолы желкеге қою, сол қолды сол жаққа созу, ақырындап шалқаю, б.қ . оралу.
- Б.қ.: негізгі тұрыс, қолдарын артқа ұстап тұру. Тізеден бүгілген оң аяқты жоғары қөтеріп, денені түзу ұстап тұру. Б.қ.келу, тура осылай сол аяқпен де орындалады.
6.Шеңберге тұрып сергіту жаттығуын орындау.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қоямыз.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Қолды жоғары көтеріп,
Аяқтың ұшында тұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып
Біз демалып аламыз.
7.Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.
- Арқаға құм толтырылған қапшықшаны қойып, еңбектеу.
8.Кедергі арқылы еңбектеп өту (құрсау).
9.Қимыл-қозғалыс ойыны: «Түлкі мен қақпан»
Балалар екі топқа бөлінеді.
«Түлкілерге» тобына түлкінің бетпердесі қолданылады.
Бір топ «түлкілер» тобы, екінші топ «қақпан» болады.
«Қақпан» тобы шеңбер құрады,
«түлкілер» тобы бір қатарға тұрады.
Қане, қане халайық
Түлкіге қақпан құрайық.
Қақпан, қақпан берік бол,
Түлкі, түлкі келіп көр-дегеннен кейін бір түлкі жылдамдықпен жүгіріп келіп қақпаннан өтуі керек, қақпанда қалып қойған түлкі ойыннан шығады.
Бұл ойында түлкілер тобы жеңіске жетті.
10.Қорытынды бөлім.
Жеңіске жеткен «Түлкілер» тобын марапаттау.
Балалармен қоштасу.
Спорттық залдан адыммен, әуенмен шығады.
Канатбаева Жазира Аралбаевна,
№45 «Алтын бала» бөбекжайының
дене шынықтыру нұсқаушысы,
Ақтөбе қаласы