Бүгін Арыс қаласын қалпына келтіру және тұрғындарға көрсетіліп жатқан көмек бойынша брифинг өтті. Брифингкте:
1. ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі, полковник ХУСАИНОВ Қайыргелді
2. Төтенше жағдай департаментінің басқарма басшысы, азаматтық қорғау полковнигі ЗАПАРОВ Бақытжан
3. «Самұрық Қазына» әл-ауқат қоры «Жылжымайтын мүлік» АҚ Басқарма төрағасы ЖЕТПІСБАЕВ Арман
4. Арыс қалалық білім бөлімінің басшысы МҰСАЕВ Әбдіхан
5. Арыс қаласының әкімі, Мұрат Қыдырбек Болатұлы қатысты
Қала ішінде 8400 үй анықталып 6901 зақымдалған
Зақымданған жеке үйлерге 6635 ақау актілері жасалды.
Көп қабатты 104 үй бар оларға жалпы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы 6957 үйдің ішіндегі 3400 іне жөндеу толығымен жүргізіліп жатыр.
Соның ішінде 475 үйдің жөндеу жұмыстары бітті
Барлық 17 секторда 4000 нан астам құрылысшылар жұмылдырылған дейді әкім.
Қуантай Амантайұлы
«Білім айнасы»