Home » Жаңалықтар » АРЫСТЫҚТАРМЕН БІРГЕМІЗ!

АРЫСТЫҚТАРМЕН БІРГЕМІЗ!

Арыс қаласында төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының ұжымы бір күндік жалақысын жергілікті халыққа көмек көрсету қорына аударды.
Сонымен бірге басқармаға қарасты «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Жанубий Қозоғистон» редакциялары мен «Ақпараттық талдау орталығы» КММ ұжымы да игі істен шет қалмай, бір күндік жалақыларын ұсынып, көмектесуде.
Өңірдің идеологиялық-ақпараттық саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұжымдар Арыс жұртшылығымен бірге екенін көрсетті.
Аталған басқарма басшылығы мен қызметкерлері оқиға болған сәттен бастап Арыс қаласына шұғыл жетіп, жедел штаб құрамында еңбек етуде. Тұрғындарды көшіру, орналастыру орындарын xабарлау, xалықты ақпараттандыру, БАҚ өкілдерімен тығыз байланыстарды атқару жұмыстарын жүргізуде. Өзге де ұйымдастыру шараларына қатысуда.
Өңірдегі және еліміздегі түрлі мекемелер мен белсенді, қайырымды тұрғындар да арыстықтарға қаржылай қолдау көрсетіп жатыр. «Ел біріксе күшке айналады» демекші, Арыстағы ағайынның қиындығымен бөлісіп, көмек қолын созған барша қазақстандықтар отаншылдықтың асқақ үлгісін паш етіп жатыр деуге толық негіз бар.

 

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.