Home » Балабақша » «Арыстан мен тышқан» ертегісі

«Арыстан мен тышқан» ертегісі

Мақсаты:Балаларды ертегіні рөлдерге бөліп сахналауға,ертегінің мазмұнын түсінуге,берілген тапсырмаларды орындауға,балалардың сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамыту,кішіпейілдікке,батырлыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу. 

Қажетті көрнекіліктер:атрибуттар,геометриялық пішіндер,суреттер,сандар,көкөністер мен жемістер.

Барысы

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық,

Жүрекке жылу жинайық,

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.

Сұрақ-жауап.

      — Жарайсыңдар,балалар, біз қонақтарға не шаштық?

— Күн қайда болады?

— Күннің түсі,пішіні қандай?

— Мынау не?

— Бұл күнге нелер жетіспейді?

Балалардың жауабы.

Балалар: күннің көзін,мұрнын,аузын құрастырады.

Тәрбиеші: Ендеше мен мына сиқырлы орамалдың күшімен бір ертегінің кейіпкерлерін шығарамын.

Ақ орамал алғаным — жолдарың ақ болсын дегенім.

Үстіндегі әдемі гүл,гүлдей жайнасын дегенім деп,-сиқырлы сөз айтып сиқырлайды.

— Ал, балалар, бұл қай ертегінің кейіпкерлері?

— Жарайсыңдар,ендеше біз ертегілер еліндеміз

Бір күні арыстан бір ағаштың түбінде ұйықтап жатады.Бір тышқан арыстанның қасында ойнап жүріп оятып алады.Арыстан оянып кетіп тышқанды ұстап алады.

Арыстан: Ұйқымды неге бұзасың?-дейді ызаланып.

Тышқан: Жіберші мені,тамақ іздеп жүр едім, жібере гөрші,мен де бір керегіңе жарармын деп,-жыламсырайды.

Арыстан: Түрің мынау, сен не жақсылық жасай аласың?! Бойыңа қарап сөйлесеңші.Жоқ, мен сені жібермеймін.

Тәрбиеші: Балалар, тышқанға көмек керек сияқты.Көмектесеміз бе?

Балалар келіседі.

Арыстан: Мен тышқанды жіберу үшін екі шартымды орындауларың керек.

1-тапсырма:  Мына аңдар азығын таба алмай тұр.

Тәрбиеші: Балалар, мына аңдардың азықтарын тауып берейік.

Ойын: «Аңдардыңазығын табу».

2-тапсырма: Мына сандар адасып кеткен,өз орнына орналастыру.

Тура және кері санау.

Ойын: «Адасқан сандар».

Арыстан тышқанды жібереді.

Сергіту сәті.

Бұғының үлкен үйі бар,

Терезеден қарайды ол.

Қоян жүгіріп келеді,

Бұғының үйін көреді,

Тук-тук, достым, есік аш,

Ана орманда аңшы қаш,

Қоян,қоян келе ғой,

Қолыңды маған бере ғой.

Арыстан ақырған дауыс шығарады.

Мерген келіп арыстанның ақырған даусын естіп,мұны ұстап алып,хайуанаттар паркіне сатып жіберейін,-деп ойлайды.

Шөлдеген арыстан өзенге келе жатып торға түсіп қалады.Әрі жұлқынып,бері жұлқынып тордан шыға алмайды.

Арыстан: Көмектесіңдер,шаршадым,қарным ашты.

Тәрбиеші: Балалар,арыстанға көмек керек болып тұр.Көмектесейік.

Тышқан: Жоқ,жоқ көмектеспеңдер,ол мені де жібермей, өзінің шартын орындатып барып жіберді ғой.Менің де екі шартым бар.

1-тапсырма: Сурет бойынша әңгіме.

Күз мезгілінің бірнеше суреттеріне қарап әңгіме құрастырады.

Ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажырату».

2-тапсырма: Логикалық тапсырма.

Қарақтарым,шырақтарым,

Есікті ашшы шұнақтарым.

Келіп тұрған аналарың,

Сүтке толы мамаларың.

Бұл қай ертегіден үзінді? «Апа, апа, менің құйрығымды берші,сен бірінші менің қатығымды төле» — дейді.

Бұл қай ертегіден үзінді?

  • Ағашта бес алма өсіп тұр еді,оның төртеуі үзіліп түсті.

Ағашта неше алма қалды?

  • Талда үш торғай отыр еді,қасына тағы екі торғай келіп қонды.

Талда неше торғай болды.

  • Өрісте төрт бұзау жайылып жүр еді,екеуі шаршап жатып қалды.

Өрісте неше бұзау жайылып жүр?

Арыстан: Балалар,сендерге көп-көп рахмет,бізді құтқардыңдар,тышқан екеуміз енді дос боламыз.Сендерге ертегілер елінен сыйлығымыз бар.Табыс етеді.

Тәрбиеші: — Жарайсыңдар,балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

— Қандай ертегіні сахналадық?

— Нелерге көмектестік?

— Қандай ойындар ойнадық?

— Бүгін барлығың да жақсы жауап беріп6 жақсы қатыстыңдар.Бір-бірімізге қол шапалақтап мадақтайық.

Қане,балалар жылулық шеңберіне тұрайық.

Қол ұстасып тұрайық,

   Шеңберді біз құрайық.

   Көріскенше күн жақсы,

   Сау-саламат болайық!

 

Қойшина Айнұр Қартқожаққызы

№45 «Алтын бала» бөбекжайының

тәрбиешісі,

Ақтөбе қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.