Аршалы ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында жаңа «Қарлығаш» балалар балабақшасы өз есігін ашты, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Балабақшада 80 бала тәрбиеленеді. Мұндағы төрт топтың екеуі – мемлекеттік тілде, ал екеуі – орыс тілінде. Әрбір топты кәсіби тәрбиешілер меңгеріп отыр. Екi қабатты ғимаратта орналасқан балабақша iшi жаңа жөндеуден өткен, заманауи стильде көркемделген. Сондай-ақ, ағылшын тілі мен би үйірмесін ұйымдастыру және «Шебер қолдар» үйірмесі жоспарланып отыр. Төрт мезгіл тамақтанумен қатар, болашақта балаларды автобуспен жеткізу мәселесі қарастырылуда.
Мектепке дейінгі мекемедегі жұмыс уақытының кестесі қалыпты: таңертеңгі сегізден бастап кешкі алтыға дейін.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.