Home » Жаңалықтар » Арт-терапия арқылы біліктілікті арттырамыз

Арт-терапия арқылы біліктілікті арттырамыз

Қобалжу басым. Дене деген бір ысып, бір суйтындай ма? Бір түрлі түсініксіз сезімдер бойды алаңсыз билеп алғандай. Келген кісілерге жіті көңіл бөліп, ілтифатпен орын — орндарына отырғызып ишара білдіріп, безек қағып жүрген әріптестеріне қарап көңілі толғандай болып, сонадайдан қарап тұрған Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына қарасты №74 «Дәурен» б/б меңгерушісі Гаухар Кабжаппаровна бойын тез жинап алды. Олай болмасына амал бар ма? Өйткені бірнеше күнгі жасалған, ойластырылған жұмыстардың нәтижесін көретін күн. Олай дейтінім өзімен бір кластерде серіктес №41, №45, №47, №57, №66, №82 балабақша меңгерушілері мен педагогтары қонаққа келіп әріптестерінің жұмыс тәсілдерін, атқару артықшылықтарын, ұйымдастыру қабілеттерін, қатынас қабақтарын бажайлап керегін көкейге іліп, керек емес тұстарды ескертіп жүректерді тіліп айтатын тұсы бұл. Мейрманова ханымның қобалжуы сондықтан болар. Педагог қызметкерлердің арт — терапия бағыты бойынша өзара іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында №74 ші балабақша ұжымы «Педагогтардың арт-терапия бағыттары бойынша біліктіліктерін арттыру» тақырыбында жұмыстарын жалғастырды. Нақтылап айтатын болсам «Бауырсақ» ертегісін сомдау Г.Бейсенова, «Құм әлеміне» саяхат, құм терапиясын Ж.Калаубаева, «Ғажайып көрме» фото терапиясын бейнелеу өнері мұғалімі: С.Айтимбетов сынды тәрбиешілеріне бұйырған екен. Бәрі де өз жұмыстарын өз деңгейінде орындап шықты. Көрермендер мен тыңдаушылар назарына жақсы ілінгені көңіл — күйлерінің көтеріңкі болғанынан байқағандай болдық.

 

Қуантай АМАНТАЙҰЛЫ,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.