Елбасымыздың «2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машағы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың біріңғай стандарттарын енгізу қажет» деген жолдауы бойынша биылдан тарқалып, талқыланып жатқан сипаты бір, бірнеше біріккен ұйымдардың өзекті тақырыптар мен ерекше әдістерді ортаға салып, тәжірбие алмасып жатқанының дәлелі бүгін, 2018 жылдың 20 сәуір күні Астана қаласындағы №56 «Береке» балабақшасында «мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамытуда арт-терапия әдістерін қолданудың маңыздылығы» атты кластері өтті. Арт-терапия әдісінің маңыздылығы қандай?
№56 «Береке» балабақша меңгерушісі Алипбаева Гүлсім Әзімжанқызы: «Арт-терапея арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен жаңа шешім, идеяларды ұсыну, оны жүзеге асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білумен сипатталады. Демек, тұлға шығармашылығын дамытуда арт-терапиялық әдістемелерді қолдану маңызды. Сонымен қатар, семинардың мақсаты – педагогтардың заман талабына сай жаңа технологияны игере отырып, практикалық тұрғыда балалармен жұмыс жасау деңгейін көрсету болды.
Мен өз әріптестерімнің бүгінгі кластер-семинарда теориядан практикаға өту барысындағы деңгейлерінің жоғары екендігін мақтанышпен атап өте аламын. Бұл нәтижеге бағытталған ұрпақ тәрбиесіне үлкен әсері болатынына және алдағы уақытта әрі қарай жаңашылдыққа ұмтыла отырып Қазақстан Республикасының білімді де білгір, өнегелі ұрпақтарының жемісін де жеңісін де көреміз деген сенімдемін».
Арт-терапияға негізделген семинардың мазмұнды да ерекше өрбуі жіпке тізген маржандай бағдарламалардың ертегі желісінде сабақтасуы. Тамыры терең сантүрлі өнердің үш бағыты тақырыптың таралуын толықтай аша түсті. Атап айтсақ, бір ертегі желісінде ойын практикумын «музыка терапиясы балабақшада» деген атаумен музыка арқылы тәжірбие көрсетуде көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шаттандырып Серікбаева Әйгерім Сағынғанқызы бастап берсе, ертегі әлеміне еріксіз еліктіре алған Бақытбек Айғаным мен Асхар Жұмагүл «бейнелеу терапиясында» күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым ұн, тұз, май тағы да басқа қажетті жабдықтар арқылы қағазға сурет салуда өз қиялдарындағы ертегі кейіпкерлерін көре білуге, өзіндік ерекшелікке, психологиялық жұмыс жүргізуде шеберлігімен таңдандырды.
Ақырғы бөлім Ахметова Гүлдана Ғалиоллайқызы «ертегі терапиясын» көлеңкелі-сахна көрінісіне айналдыра отырып келген қонақтарға сомдату арқылы әсерлі тәжірбиесімен бөлісті. Осы тұста өзге балабақшадан келген әріптестері де ертегі кейіпкерлерінің дауыс ырғақтарын нақышына келтіріп, тиянақты жеткізе білуі де өз мамандарының біліктісі екендігін дәлелдейді.
Жалпы, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде арт-терапияны қолданудың тиімділігі неде деген сауалға келсек:
№56 «Береке» балабақшасының әдіскері Мұстафаева Венера Ахметқызы: «Арт-терапия – тұлғаның дамуы мен логикалық ойлауын, кез келген жағдайды шешуге көмек көрсету қабілеттігін арттырады. Сондықтан да біз тәжірбие алмасу жұмысында №45 «Самұрық» балабақшасының жетекшілігімен арт-терапия кластері бойынша көптеген мағлұмат алып, семинар сабақтарында тәжірбие алдық. Сол бойынша өз тәжірбиемізді де көрсете келе балабақшада тұлғаны жан-жақты дамыту үшін, мысалы, біз ертегіні күнделікті айтамыз, қоямыз. Ал мында жаңа форматта өнердің әртүрлі бағыттарын үйлестіріп жандандыра аламыз. Яғни, музыка, бейнелеу, ойын, құм т.б терапиялар кірістіріліп отырса, мақсаты айқын кірістірілген сабаққа айналады».
Қорытындылай келе баға берер арт-терапия жетекшісінің пікірін білсек: Шампетова Құбажай Шампетқызы, №45 «Самұрық» балабақшасының меңгерушісі: «Бүгінгі семинарға мен өтте риза болып отырмын. Себебі, ең бірінші, арт-терапиямен жұмыс жасайтын мамандардың ерекшелігі – өзара үндесе отырып бір-бірімен тату-тәттілігін көрсетті. Жалпы бұл бағытта ұжымның да көзқарасы өзгерді деп ойлаймын. Өйткені қыздардың алға қойған мақсаттары,талаптары, ізденістері сезіліп тұрды. Осыған мен өтте қатты қуандым. Өйткені біз көрсеткен жолды олар ары қарай алып кететіні көрініп тұр. Дәл осындай қарқынмен жұмыс жасай берсе «Береке» балабақша мамандары меңгеруші бастамасымен жоғары нәтижеге жетері сөзсіз».
Мұстафина Жансая Алибекқызы,
«Білім айнасы»,
Астана қаласы