Өнер мен педагогиканы ұштастырған Артпедагогика балалардың шығармашылық дамуына тікелей әсер етеді. Дәл осы бағытта өнер және көркем шығармашылықты оның ішіне музыка, бейнелеу, қойылым барлығын қамтыған қалалық семинар өтті. Қала көлемінде өткен аталмыш тақырыптағы Арт педагогика негізінде көркемдік эстетикалық тәрбие беру арқылы би қимыл қозғалысы және ертегі терапиясы бойынша тәжірибе алмасу, нәтижеге қол жеткізуді мақсат еткен семинар Астана қаласы әкімдігінің №93 «Айгөлек» балабақшасында өтті.
Тағаны қаланғалы екі жылдан ғана асқан жаңа білім ордасының енді қалыптасып келе жатқан педагогтар ұжымымен жас басшы Әлия Темірболатқызының әріптестері алдында таңдаған бағыттарын аша білуі ізденістің жемісі.
Наурыз айының 26 жұлдызына жоспарланған семинарда табыстылық кластерінің жетекші №37 «Арман» балабақшасының меңгерушісі Абдрахманова Рәзия кіріспе сөз сөйлесе аталмыш ұжым педагогтарымен серіктес №91 «Еңлік» балабақшасының тәрбиешілері белсене қатысты.
Жиналған қауымды ғаламшарға қонақ етіп, зымыранға отырғызып семинарды «АйКос» ғаламшарының тұрғындары атты сахналық қойылыммен басталды. Ересектер тобының тәрбиеленушілерімен бірге тәрбиешілер Ашенова Индира, Пайзолда Таңжарық, Қайназарова Гүлдана, Уткелбаева Жадыра өздеріне бөлінген рөлдерін тамаша алып шығып, бір сәтке болса да көпшілік қиялына шабыт сыйлады. Арнайы тігілген ғаламшарлықтар киімі де сахналық қойылымының ашыла түсуіне септігін тигізді. Келесі ертегі-би терапиясы іс-тәжірибелік бөлімінде «Күн мен түн» ертегісін көрсетіп,күн мен түнді теңестірген Әз-Наурызымыздың келбеті ретінде көктем аруы татулықтың, бірліктің бейнесін алып шыққаны ертегінің мән-мағынасын аша түсті. Әр қойылымда айтар ойы бар, тағылым-тәрбиені қатар алып жүрген тәрбиешілердің жұмысын қатысушылар жоғары бағалады. «Шатырман ертегілер» бөлімінде екі топқа бөлінген №37, №91 балабақшаларының педагогтары «Ханзада мен ханшайым», «Айсұлу» ертегілерін құрастырып өнерлерін ортаға салды. Сан қырылы шеберлікті талап ететін жауапкершілік жүгі басым ұстаздық жолда шәкіртке жол көрсету үшін тәрбиешілерлердің өздері үнемі ізденісте болуы керектігі ой ұшқырлығымен балаға ой салар ертегілер құрастыру кезінде көріп тұрды. Балабақшадағы бар дүниелерді пайдалана отырып сахналық қойылымда әріптестерінің дайындығына көмек көрсеткен тәрбиешілер Тажикенова Алмагүл, Шадырова Айжан, Молдахметова Ажардың еңбектері де атап өтпеске болмас.
Шеберлікті көрсетіп, өз білгендері мен түйгендері әріптестеріне көрсетуде «Бояулар сыры» тақырыбын алған Шилеева Айгүл Өсерқызының сурет салудың сан қырын көрсеткен шеберлікті шыңдау сәтінен әріптестері талай тың дүниелер үйренді деуге болады.
Семинардың арнайы қонағы әрі ұжымның ғылыми жетекшісі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Жұмабекова Фатима Ниязбекқызы қорытынды сөз сөйлеп, семинар тақырыбы жайлы мағлұматтар беріп, педагогтардың аталмыш тақырыпты ашу жолындағы ізденістеріне оң бағасын берді. Ұжым басқарғанына аз уақыт болса да жас басшының жаңа қадымына тілекші болып келген меңгерушілер қатары да көп болды.
Жан-жақтылықты талап ететіп күрделі тақырыптағы кластерлік семинарды аз уақыт ішінде ойдағыдай өткізіп шыққан Әлия темірболатқызы мен ұжым педагогтарына барлық меңгерушілер ізгі тіліктерін білдіріп, жаңашылдыққа ұмтылған білікті жас маманға шығармашылық шабыт тіледі.,
Бізде алдағы күндерінен зор үміт күттірер жас педагогтар ордасына талай биікті бағындырар табысты күндер тілейміз.
Ә. БІЛӘЛОВА,
«Білім айнасы», Астана қаласы.