Home » Балабақша » Артикуляциялық жаттығулардың қажеттілігінің себептері

Артикуляциялық жаттығулардың қажеттілігінің себептері

Қиын дыбыстарды айту үшін баланың еріндерімен тілі күшті және балқылдақ болу керек. Осы жағдайда ұзақ ұстау қинамай бірнеше рет бір қимылды басқа қимылға ауыстыру. Осыларға артикуляциялық жаттығулар көмек береді.

 

Артикуляциялық жаттығулар не үшін қажет:

 

  1. Артикуляциялық жаттығулар есте сақтау қабілетінің дамуы арқылы, балалар таза және дұрыс сөйлеуге үйренеді.
  2. Логопед жұмыс бастаған кезде балалардың дыбысты айтудағы қателері тез жөнделеді. Олардың бұлшықтары оған дайын болады.
  3. Дыбыстарды анық айтпайтын балаларға артикуляциялық жаттығулар қажет.
  4. Балалар мен ересектердің дұрыс нақты және әдемі сөйлеуіне артикуляциялық жаттығулар көмек береді.

 

Жаттығуларды өткізуге ескерту:

 

  1. Бірінші жаттығуды айнаның алдында жай жасайды, өйткені балаға қимылды бақылау керек. Бала үйренген соң айнаны алып қояды. Балаға дәлден сұрақтар қою керек. Мысалы: еріңдер не істеп жатыр? Тілің не істеп жатыр? Ол қайда тұр (жоғарыда әлде төменде ме)?
  2. Кейін жаттығуды тездетіп есеп арқылы жасауға болады. Бірақ сол кезде бақылау жасау керек. Жаттығуларды дұрыс және сазды жасау керек.
  3. Күніне 5-7 минут көлемінде 2 рет қайталап жасатады (таңертең және кешке).
  4. 3-4 жастағы балалар маңызды қимылдарды игеруі керек.
  5. 4-5 жастағы балалардың қимылдары нақты және саздылық болуы керек.
  6. 6-7 жастағы балалар жаттығуларды тез жасайды. Тілде бір қалыпта сақтап ұстай алады.

Егер сабақ барысы кезінде баланың тілі дірілдеп, қиналып тұрса, тілдің керекті жағдайын ұстай алмаса міндетті түрде логопедке көрінуі керек. Ерекше уқалау және логопед-дәрігердің көмегі қажет болуы мүмкін.

Қалыпты дамыған бала 4-5 жаста ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айтып, байланыстырып сөйлеуге тиісті. Бірақ мектепке дейінгі жастағы балалардың арасында кейбір дыбыстарды бұзып, алмастырып шатастыруы жиі кездеседі. Әсіресе, с, з, ш, ж, л, р дыбыстары жиі бұзылады.

Сөйлеу тілінің әр түрлі кемшіліктері баланың жалпы дамуына, оқу мен жазу дағдыларының, мінез-құлқының қалыптасуына кері әсерін тигізеді.

Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу қалыптастыруы тұлғаның толыққанды дамуын береді. Бес жасқа қарай бала ана тілдің барлық дыбыстарың анық айту керек.

Қойылған дыбыстардың бекітуі ойындардың және сөздердің дыбыстайтынынан басталады. Ересек бұл буындарды, сөздерді оқиды, ал бала оны қайталайды. Әрі қарай дұрыс дыбыстауы қысқа сөйлемдерде және тіл ұстартуларда бекітіледі.

ДЫБЫСТАРДЫҢ БЕКІТУІ(автоматизация)

«С» дыбысының сипаттамасы

Дауыссыз, ауыздық, жарықшақты, тілалды, меңіреу, қатты.

Артикуляцияның дұрыс сипатталуы

*  Ерін күлкіде, тістер көрініп тұр.

*  Тістері бір-біріне жақын, бірақ қабыстырылған емес.

*  Тілдің ұшы төменгі тістердің артында.

*  Тілдің арқасының алдыңғы жағы үстіңгі тістермен жарықшақтық жасайды.

*  Тілдің арқасының шеттері жанындағы тістеріне мықты орналастырылған.

*  Тілдің ортасынан ауаның салқын ағымы өтеді.

*  Ауа ағыны ауыз арқылы өтеді.

*  Дауыс байламдары ашық, бірақ дауысы шықпайды.

«С» дыбысы буындарда, сөздерде және сөйлемдерде

Тапсырма: Тура буындарды дұрыс дыбыстау

са-са-са, со-со-со, су-су-су, сы-сы-сы, се-се-се, сі-сі-сі, сә-сә-сә, сү-сү-сү,  т.б.

Тапсырма: «Сөзді жалғастыр» ойыны

                -са                                               -су                                                        -сы

 

ма…                                         қо…                                                      жа…

жа…                                         ке…                                                      қа…

қо…                                          те…                                                      та…

ала…                                        а…                                                        қай…

жара…                                     қа…                                                      тұ…

қара…                                      та…                                                      құ…

қой…                                       жа…                                                     ба…

сой…                                        то…                                                      тұрмы..

жай…                                       тү…                                                      туы…

той…                                        ба…                                                      жақ…

 

Сөздерді анық дыбыстау:

сағыз, сабын,сағат, сауат, самат, самаурын, самұрық, сазгер, сыншы, сыр, сырлау, сылтау, сырға, сыбыр, сыбдыр, сәукеле, серік, серпер, серт, сезім, сенім, сезік, семіз, сегіз, секір, сүт, сүй, сүйме, сүйкімді, сұр, сүр, сүрлеу, серке, серпін, сүзбе, сілте, сілтеу, сиыр, сауын, сапыр, сырма, сырт, сырқат, сырақ, сызық, сын, сынақ, Сырымғһ, сыбызғы, сабау, сұрақ, сәске.

көсеу, төсе, төсек, тесік, бөстек, тостақ, үсті, ортасы, түс, құстар, тес, іс, істік, ыстық, қасқыр, қосу, қасу, қарсы, осы, кесе, көсе, кесек, кепсер, кескін, кесте, кеспе, кәсіп, көксерек, бестерек, бесін, бесік, бесті, есті, ескі, есік, есер, есек, өсек, өсік, асық, аспан, сәске, асыра, парсы, есту, есер, бесеу, үсті, аласа, балауса, бәсеке, лесу.

 

мес, тес, жас, тұс, құс, түс, елес, күрес, төбелес, топас, тұрмыс, қылмыс, туыс, қуыс, кебіс, кеңес, теңес, уыс, теріс, бас, қас, тас, төс, бес, тегіс, царыс, барыс, егіс, соғыс, тоғыс, таныс, жарас, құрдас, бос, қос, лас, пәс, кес, тіс, қыс, тыс, қамыс, жұмыс, рас, жеміс, күміс, дұрыс, бұрыс, жұлыс, қымыз(с), қарындас, тұтас.

 

Тапсырма: Сөйлемдерді анық дыбыстау

Сара сағыз сатып алды.

Самат сүт ішті.

Сания сиыр сауды

Сәкен сүрет салды.

Серік сегіз сарымсақ алды.

Сырлы ыдыста сусын бар.

Себетте сегіз саңырауқұлақ бар.

Сырдария — сыр елінің өзені.

Сырымда сол қолында сабын оң қолында сүлгі бар.

Сегіз қыз секіргішпен секірді.

Сыныпта сегіз оқұшы отыр.

Сырғалының сырғасы сылдырлады.

Сәрсенкүл сүлгімен бетін сүртті.

 

Тіл ұстартуларды қайтала:

са-са-са — шағып алды маса,

сы-сы-сы — жақсы была қайсы?

се-се-се — қолымда кесе,

сі-сі-сі — үлкен кісі,

су-су-су — нанды кесу,

сек-сек-сек — жина төсек,

ас-ас-ас — ауырып жатыр бас,

ос-ос-ос — менің қолым бос,

ұс-ұс-ұс — ұшып жатыр құс,

ес-ес-ес — мен алдым бес,

іс-іс-іс — ауырып жатыр тіс,

өс-өс-өс — күйеу балаға төс,

әс-әс-әс — Сәбит бүгін мәз(с),

үс-үс-үс — келіп қалды күз(с),

ыс-ыс-ыс — далада суық қыс.

Тапсырма: Жаңылтпаштарды қайтала

***

Сұр інгенді сүрінгенде демейін,

Сүрінгенді сүрінген еді демейін.

***

Есет атам ет асатар,

Ет асатса бес асатар.

***

Шүрегей сүңгігіш пе,

Сүңгуір сүңгігіш пе?

***

Құрықтан құлдырап түстім,

Сырықтан сылдырап түстім.

***

Суда сең келеді,

Сегіл серке тең келеді.

Суға сақалын мала, сілке,

Суға сақалын мала, сілке.

***

Қыста құлағым үсіп кетті,

Үсіп, үсіп кетті.

***

Саумен сүйменмен мұз бұлады,

Суда жүзген мұзды сүзеді.

«З» дыбысының сипаттамасы

 

Дауыссыз, ауыздық, жарықшақты, тілалды, дауысты, қатаң.

Артикуляцияның дұрыс сипатталуы

*  Ерін күлкіде, тістер көрініп тұр.

*  Тістері бір-біріне жақын, бірақ қабыстырылған емес.

*  Тілдің ұшы төменгі тістердің артында.

*  Тілдің арқасының алдыңғы жағы ұстіңгі тістермен жарықшақтық жасайды.

*  Тілдің арқасының шеттері жанындағы тістеріне мықты орналастырылған.

*  Тілдің ортасынан ауаның ағымы өтеді.

*  Ауа ағыны ауыз арқылы өтеді.

*  Дауыс байламдары қабыстырылған және діріл пайда болады, дауыс пайда болады.

 

«З» дыбысы буындарда, сөздерде және сөйлемдерде

Тапсырма: Тура буындарды дұрыс дыбыстау

за-за-за, зы-зы-зы, зу-зу-зу, зе-зе-зе, зі-зі-зі,  т.б.

Тапсырма: «Сөзді жалғастыр» ойыны

 -за                                                -зы                                         -зу                                  -зі

 

жа…                            қо…                                        жа…                                    ке…

қа…                             жа…                                        тө…                                    кө…

та…                             қа…                                         жү…                                   сө…

ма…                            тұ…                                         тү…                                     бі…

ри…                            қы…                                        бұ…                                    бе…

ора…                           қары…                                    қа…                                 негі…

бо…                            тоғы…                                    се…                                    егі…

ро…                            жалғы…                                 е..                                    семі…

қо…                            жалбы…                                 бе…   сәбі…

то…                             қора…                                     қо… мүйі…

зау…                            мұ…                                        то…                       кигі…

бұға…                                     со…                      бө…

ауы…                                      о…                       жү…

 

Тапсырма: Сөздерді анық дыбыстау

зат, зар, сауық, заман, зере, зият, зор, зорлық, зарлық, зырлауық, зымыран, зәуре, Заттыбек, Зейнеп, Зияда, Зайсан, Зағира, Зейне, Замира, Зинахан, Зауза, Зеңірек, за, Зура, залым, зан, Зухра, Зульфия, зақым, зауыт, Зара.

таза, жаза, маза, қаза, қоза, қызық, жазық, озық, тозық, тұзақ, қазақ, созақ, боз, боза, базар, жезде, жүзім, жүзік, азық, қазық, әзір, әзім, әзер, назар, ізгі, ұзақ, қызанақ, қозы, Азат, Азамат, Бекзат, Гүлзат, Назира, Жазира, безеу, күзетші, азап, бұзау, перзент, өзен, кезен, қазан, ұзын, сызық, сезім.

қыз, күз, тұз, жүз, мұз, біз, қаз, жаз, тез, таз, түз, Наурыз, қымыз, қауыз, жауыз, қарыз, бұғаз, буаз, қарбыз, сәбіз, сағыз, тоғыз, семіз, өткіз, жеткіз, сөз, саз, без, боз, сіз, жалғыз, қағаз, кез, мәз, көз.

Тапсырма: сөйлемдерді анық дыбыстау:

Замираның көзі әдемі.

Зымыран ғарышқа зулады.

Зейнеп зергелік бұйым алды.

Зере — зиялы адам.

Злиха әдемі көйлекке зар болды.

Зымыран көк аспанға зымырайды.

Зәуре Заманбектің қызы.

Заттыбек Зайсан көлінде жүзді.

Зағираның деңсаулығы зор

Зина зерттеу жұмыстарын жазды.

Залдағы көрермен қызу қол соқты.

Әзіл — әзіл, әзіл түбі — зіл.

Заңды бұзуға болмайды.

 

Тапсырма: Тіл ұстартуларды қайталау

за-за-за — менің қолым таза,

зы-зы-зы — мен жедім қазы,

зі-зі-зі — қоянның қисық көзі,

зу-зу-зу — өзенге жүзу,

зам-зам-зам — күрек пе жерді қазам,

зан-зан-зан — ошақ үстінде қазан,

зен-зен-зен — өте терең өзен,

аз-аз-аз — ұшып кетті қаз,

ез-ез-ез — келе қойшы тез,

із-із-із — кездесейік біз,

ұз-ұз-ұз — асқа салатын тұз,

ұз-ұз-ұз — биік жартас құз,

әз-әз-әз — балалар бүгін мәз,

оз-оз-оз — түрің неге боз?

ыз-ыз-ыз — іштім бүгін қымыз.

 

Тапсырма: Жаңылтпаштарды қайталау

***

Зура зурнада ойнады,

Зурнада бірғана Зура ойнайды деме,

Зара да, Зере де зурнада ойнайды

                                                                                                            ***

Зерек зергер зерделеп,
Зергерлеуші зер зерлеп.
Зерлілер затын зерлеткен

Дуанбекова Риза Мағазбекқызы

Алматы облысы Қарасай ауданы

 Қырғауылды ауылы

«Ақ көгершін» балабақшасы  логопед мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.