Home » Ашық сабақтар » Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс – тас екен

Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс – тас екен

 

Мақсаты: Оқушыларды астың қадір-қасиетін түсінуге, қастерлеуге үйрету. Қазақтың ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлерін жаңғырту арқылы патриоттық сезімдерін ояту. Топтық жарыс арқылы ұтымды жауап айтуға, шешен сөйлей білуге тәрбиелеу. Ой ұшқырлықтарын дамыту.

Түрі: Топтық сайыс
Әдіс-тәсілдері: Баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: Биология. әдебиет, дене шынықтыру.
Сабақ көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, шиырмалар мен суретті плакаттар.
Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: «Көкөністер мен жеміс-жидектер» амандасу тренингі
  2. Кіріспе бөлім: «Ас – адамның арқауы» мұғалім сөзі
  3. Негізгі бөлім: «Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс– тас екен» топтар сайысы.
  4. Қорытындылау бөлімі. Кері байланыс:
    Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру бөлімі
    Құрметті оқушылар, ұстаздар және бүгінгі кешімізге қатысып отырған қонақтар баршаңызға қош келдіңіздер дей отырып, «Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс – тас екен» атты кешімізді бастаймыз.

«Көкөністер мен жеміс-жидектер» амандасу тренингі
Мақсаты: Көкөністер мен жеміс-жидектердің пайдасын біле отырып, пайдасы мен қасиеттерін ұғыну. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді аңғарып, айта біле, жақсы көңіл-күй сыйлауға үйрету

Барысы:
Оқушылар мұғалім ұсынған бірнеше сөздерді суырады. Мысалы: банан, алма, пияз, сәбіз т.б. Таңдалған жеміс-жидектер мен көкөністерді қатыстырып, қасындағы оқушыға амандасып сәттілік тілейді. Мысалы: Нұрбақыт, сен осы алмадай тәтті болып, барлық адамдарға дәрумендеріндей пайдаңды тигізе бер.
Қызығушылықты ояту.

— Оқушылар мен онға дейінгі сан айтам, өздерің ұнаған санды атаңдар.

  1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10.
    — Ендеше жұп сандар бөлек, тақ сандар бөлек, екі топқа жинала қойыңдар.
  1. Кіріспе бөлім: «Ас – адамның арқауы»
    Мұғалім сөзі:

Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт жадында жатталып қалған «Ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтықсыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікте қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұдан бөлек «Астан үлкен емессің», немесе «Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс –тас екен» деген мақал-мәтелдері мен ескертпелері бар.

  1. Негізгі бөлім:
    «Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс – тас екен» топтар сайысы.
    Оқушылар, біздер тағам дайындау түрлері мен тамақтану жолдары т.б туралы тәрбие сағаттарымызда әңгімелеп айтып жүрміз. Ал бүгін оқып-білгендерімізді әрі қарай шыңдау мақсатында топтық сайысымызды бастаймыз.

Балалар дұрыс тамақтанбаса, оның денсаулыққа кері әсер етеді.
Тамақтанғанда да ол тамақтың таза жасалғанына,оның мерзімінен асып кетпегеніне аса мән беру керек. Және де тамақтанған кезде асықпай отырып, көп шайнап, сонан соң жұту керек. Тамақты тез, асығып жүріп жесең тез тойып қаласың, және де бұл ашқарақтық, қомағайлық қалыптастырады.
Тамақтанудың ережелерін ұсынып, көп мағлұмат беретін біздерге кімдер деп ойлайсындар? (ұстаздар, дәрігерлер, биологтар, аспазшылар т,б)
Ендеше жарысқа түсер топтардың атаулары мен ұрандарын анықтап алайық. (2-3 минут)
Топтық сайыс жоспары:

  1. «Алты жыл аш жүрсең де, ата-салтыңды ұмытпа» салт-дәстүрлерімізді дәріптеу. Постер қорғау.
  2. Адам ағзасына өте зиянды тағам түрлерін білеміз және бөлісеміз.
  3. «Асы бардың, ырысы бар» атты ырым-тыйымдар.
  4. «Нан қиқымын шашпаңдар, жерде жатса баспаңдар» атты көріністер бөлімі.
  5. «Мақал – сөздің мәйегі» атты мақал айту бөлімі.
    (Әр кезеңдер бойынша оқушыларға тапсырмалар беріліп, жауаптар алынады)
    Мұғалім оқушылар жауаптарына әр кезеңдер бойынша қосымша ақпарат беріп отырады.
    Сайыс барысы:

1.«Алты жыл аш жүрсең де, ата-салтыңды ұмытпа» салт-дәстүрлерімізді дәріптеу. Постер қорғау. Оқушылар өздері білетін салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы айтып, бір-бірімен ой бөліседі.

  1. Адам ағзасына өте зиянды тағам түрлерін білеміз және бөлісеміз. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
  2. Чипсы мен лимонад
    Чипсы — майлар мен көмірсулардың қоспасы. Сонымен қатар, оның құрамында жоғары концентратты бояғыштар мен дәмдеуіштер де көп мөлшерде кездеседі. Оны дайындау кезінде адам ағзасында қатерлі ісік тудыратын көптеген канцерогендер түзіледі. Ал, майлар болса қан құрамындағы холестериннің деңгейін арттырып, инфаркт пен инсульт сынды аурулардың туу қаупін арттырады. Лимонадтың құрамында аспартам (Е951) бар. Сусынды көп ішкен жағдайда күйзеліске және ашушаңдыққа алып келуі мүмкін. Чипсы мен лимонадты көп тұтынған адам семіздікке шалдығады.
  1. Фастфуд
    Тез әзірленетін тағамдар — фри, шаурма, гамбургерлер және қуырылатын өзге де тағамдар денсаулыққа өте зиянды. Өйткені, мұның барлығын бірнеше рет пайдаланылған майда қуырады. Уақыт өте келе фастфуд асқазанның тамақ сіңіру процесін бұзады.
  1. Дүкеннің шұжықтары, кептірілген ет өнімдері
    Шұжықтар, тұшпара, тартылған ет — бұлардың құрамында қоюландырғыш, май алмастырушы заттар, реттеуіш, иістеуіш сынды қоспалар көптеп кездеседі. Құрамында канцоргендер жоғары мөлшерде болғандықтан мамандар кептірілген ет пен балықты да қауіпті тағамдардың қатарына жатқызып отыр.
  1. Маргарин, тәтті тоқаштар
    Ең зиянды майлардың барлығы маргариннің құрамынан табылады. Сондықтан, ол қосылған тағамдардың барлығы зиянды. Көшеден сатып алынған торт пен тәтті тоқаштарды көп жеген жағдайда семіздіктен құтылу мүмкін емес.
  1. Кофе мен энергетикалық сусындар
    Ересек азаматқа күніне екі бокал кофеден артық ішуге болмайды. Әсіресе, адам ағзасына ерігіш кофе аса зиянды. Ол асқазан қыжылына жиі алып келеді. Ал энергетикалық сусындардың құрамында кофеиннен бөлек қант, бояуыш, химия және газдар бар.
  1. Шоколад батончигі, сағыздар
    Бұл — түрлі химиялық қоспалар қосылған өте үлкен мөлшердегі калория. Оған адам тез үйренеді және әдетке айналдырады.
  1. Майонез бен кетчуп
    Майонездің де құрамында холестеринді арттыратын зиянды майлар көп. Әсіресе пластик ыдыстарындағы майонез адам ағзасына зиянды. Ал кетчуп құрамында үлкен көлемде консерванттар мен реттеуіштер бар.

Йогурт пен балмұздақ

  1. Біздің ойымызша, йогурт сүттен жасалғандықтан, адам ағзасына пайдасы үлкен деп есептейміз. Бірақ олай емес. Йогурттың құрамы реттеуіш, қоюландырғыш, иістеуіш сынды қоспаларға өте бай. Балмұздақ та ағзадағы зат алмасуын баяулататын күшке ие. Оны көп жеген жағдайда артық салмақ қосуыңыз мүмкін.
  1. «Асы бардың, ырысы бар» атты ырым тыйымдар. (Астан аттама, нанды шашпа, нан қиқымын тастама, дастархан киелі т.б)
  1. «Нан қиқымын шашпаңдар, жерде жатса баспаңдар» атты көріністер бөлімі.
    Оқушылар 2-3 минут ойланып мағыналы көрініс дайындайды.
  1. «Мақал сөздің мәйегі» атты мақал айту бөлімі. Екі топқа-мақал мәтелдер айтылады қажетті орнына сөздерді тауып айтады.
    Мақал – мәтелдер.
    1. Ас — атасы нан, нан атасы – дән.
    2. Аз ас, көп ниет.
    3. Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы.
    4. Ашта жеген құйқаны тоқта ұмытпа.
    5. Ет етке, сорпа бетке.
    6. Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.
    7. Айран ішкен, құтылады,
    Шелек жалаған тұтылады.
    8. Сиыр сауып ішсең, мың күндік.
    Сойып жесең, бір күндік.
    9. Үйде асы жоқтың, түзде досы жоқ.
    10. Ексең егін, жерсің тегін.
  1. Аш кезінде берілген күлше,
    Тоқ кезінде берген түйеден артық.
  1. Аш кісінің ашуы жаман.
    3.Асы бардың, ырысы бар.
  1. Қазаны басқаның қайғысы басқа.
  2. Өле жегенше бөле же.
  3. Алты жыл аш жүрсеңде ата-салтыңды ұмытпа.
  4. Ағайынмен ішкен ас тәтті.
  5. Абысын тату болса ас көп, ағайын тату болса ат көп.
  6. Піскен асқа жеуші көп,
    10.Біткен іске сыншы көп.
    Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
    Тоқ бала аш боламын деп ойламайды.
    Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

ІV. Қорытынды.
Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ұлттық тағамдармен танысып, ырым -тыйымдарды да білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің ата-ананың айтқандарын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.

 

Батима Өтебайқызы Батырова,
«Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы
білім беретін Көздіғара негізгі мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің І
санатты технология пәнінің мұғалімі,
Сырым ауданы, БҚО

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.