25 тамыз 2012, 00:04
Тоқсан жолды тораптан,
Қатал тағдыр оқ атқан.
Ағам-ау, жарқын бейнеңді,
Біздер мәңгі жоғалтпан.
Сен біздерді еркелеттің-ау,
Өмірден ерте кеттің-ау.
Әттең ай, қаза таптың да,
Өзекті өртеп өттің-ау!
Төгейін мұңмен зарымды-ай,
Жоқсың-ау аға жанымда-ай.
Қайтейік, бізде шара жоқ,
Тажал деген залымға-ай.
Арманда кеткен ағам-ай,
Сарғайды менің санам-ай.
Тәубе етеміз Аллаға,
Жоқ бізден басқа амал-ай.
Жапырақ күзде соларда,
Қайтады құстар олар да.
Ағажан едің ерекше,
Өзіңнің орнын толар ма?!
Кеудеге уайым симайды,
Ұмытпан аға тұлғаңды.
Жарық болғай тұрағың,
Бол аға енді иманды.
Аға адасса, іні із кеседі.
Аға алдында арсыз іні сөйлейді.
Аға алдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.
Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт.
Аға – бор, іні – тас.
Ағадан ақыл, атадан нақыл.
Ағадан ақыл, ініден ізет.
Ағадан қалғанды іні киіп өседі,
Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі – көргендерін бойына түйіп өседі.
Аға еңбекпен көркем,
Бала біліммен көркем.
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңлі өсер.
Ағаның үйі ақ жайлау.
Аға өлсе жеңге мұра,
Іні өлсе келін мұра.
Ағасы ақылдының ауылы азбайды,
Жеңгесі шебердің жеңі тозбайды.
Ағасына қарай інісі,
Апасына қарай сіңлісі.
Ағасы ұрар болар,
Інісі тұтар болар.
Аға ініге ұстаз,
Апа сіңліге ұстаз.
Аға ішкен бұлақтан інісі де су ішеді.
Ардагер аға алдында тұрсын,
Әдепті іні артында тұрсын.
Арттағыны қозғау – ағалық!
Алдағыны болжау – даналық!
Асыл аға, алғыр іні.
Ел ағасыз болмас, көл жағасыз болмас.
Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.
Аға, сені сағындым расыменен,
Бұл өлең – сағынышты басу өлең.
Қаламымды қайғыға малып қойып,
Өлең жаздым көзімнің жасыменен.
Санам қашан арылар сарыуайымнан,
Сарғайып сені күтем шалғайымнан.
Жарылкасынова Гулмира Таргаховна ,
тәрбиеші
Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасының
«Саңырау және нашар еститін балаларға арналған
облыстық «Мейірім» арнайы түзету
мектеп – интернаты коммуналдық мекемесі»,