Home » Білім және өнер » Арнайы пәндерді оқытуда жас маманның инновациялық оқу бағдарламаларын қолдануы

Арнайы пәндерді оқытуда жас маманның инновациялық оқу бағдарламаларын қолдануы

Қазіргі кезде білім мазмұны мен білім беру жүйесі оның нәтижесіне қарап бағаланатыны мәлім. Сондықтан білім беру жүйесінде ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамытуды оны кәсіби тұрғыдан шыңдауға  басты назар аудару қажет.

Қазіргі таңда технологияның дамуы, жаһандану бағыты мен бәсекеге білім кеңістігіне барған сайын бтыл кіріп, оның ықпалы күшейе беретіні күмәнсіз. Олардың арасындағы қарым қатынас күрделі мәселерді тудыруы мүмкін.

Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.

Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі — бүгінгі жас ұрпақ. Егеменді еліміздің еңсесі енді көтеріліп , тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлініп, бізге ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы — мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама, яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді:

1)Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
2) Сыни тұрғыдан ойлау;
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;
4) Білім берудегі АКТ пайдалану;
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық;

Осы жоғарыда айтылғандардың негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу — оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі.Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде!

Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болу болашақ жас мамандардың міндеті.

 

Ерханова Камшат Мұхитқызы

Мақтарал аграрлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.