Home » Балабақша » Армысың, әз-Наурыз

Армысың, әз-Наурыз

мерекелік бағдарлама

 (Балалар ұлттық киімде домбырамен, әже кейпіндегі қыздар кимешекте шашуын шашып, бойжеткен қыздар кейпіндегі қыздар би билеп «Наурыз-көктем» әнін айтып барлығы сахнаға шығады )

Жүргізуші:   Армысыздар, халайық!

Бармысыздар, халайық!

Наурыз тойын жұп-жазбай,

Жылда қарсы алайық!

Мереке Наурыз жыл басы,

Наурыз тойы құтты болсын!

Дендеріңіз сау, мықты болсын!

Аман-есен болайық!

Баршамызға тілегім  осы, халайық!

Еліміздің несібесі көп болсын!

Жауын жауып, жер бетіне көк толсын!

Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

бүлдіршіндеріміздің Наурыз тойына деген өлең жолдарын тыңдайық:

Жүргізуші:   Осыншама жақсылық

Алып келген наурызым!

Төрлет бізге нұр беріп

Шуақ шашып ақ жүзің.

Би: «Наурыз»

Жүргізуші:   Домбырасыз сән қайда,

Домбырасыз ән қайда,

Ән мен күй бар өмірде,

От та лаулап жанбай ма? – деп жырлайды біздің «Балдәурен» тобының бүлдіршіндері.

Ән: «Домбырасыз сән қайда» 

 

Жүргізуші:    Келді көктем далаға,

Келді сұлу шағала.

Аспандағы ақ құстар,

Айдын көлді арала.

       Балалар, өзінің гүлдерін, көбелектерін ертіп келе жатқан «Күн мен Түнді» қарсы алайық.

 Жүргізуші:      Осыншама жақсылық

Алып келген наурызым!

Төрлет бізге нұр беріп

Шуақ шашып ақ жүзің

Би: «Көктем»  Жүргізуші:   Шілдехана бесік той, Тұсау кесер сүндет той, — демекші балабақшамыздың ең кішкентай «Балауса» тобындағы енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан бүлдіршіндеріміздің тұсауын кескелі отырмыз.

Кәне әжелерімізді ортаға шақырайық, бүлдіршіндеріміздің аналары балаларды тұсау кесуге дайындасын.

     Тұсау кесу дәстүрін орындау.  Бір топ әжелермен, «Балауса» тобы бүлдіршіндері.

Өзің мені өсірген,

Айналайын ақ әжем,

Тентек болсам кешірген,

Шөлдедің бе, дана әжем.

Біздің балабақшамыздың ересек тобындағы жігіттер әжелерінің бастары қосылған кезде қандай әңгіме айтады екен, соны әзілмен сіздерге орындап бермекші.

      Әзіл-ән: Әжелердің әзілі. Орындайтын: «Балдәурен» тобының бүлдіршіндері. 

 Жүргізуші:    Жазғырар дәстүр салтымның,

Көзелсін бұлақ жалғасы.

Қастерлі менің халқымның,

Мереке Наурыз –жыл басы!

Хор: «Наурыз келді алақай!»  әні

Жүргізуші:       Домбыраның құлағын,

Мәнерімен бұрағын,

Достарыңды ертіп кел,

Содан кейін шертіп көр.

Ән: «Қасиетті домбыра» Алдар көсе (күй ойналып ортаға  шығады )

                            Армысыздар, балалар?

Армысыздар, халайық!?

Мен Алдармын,

Шегі жоқ бұл даңқымның.

Өмірімді арнармын,

Бақыты үшін халқымның.

Ақпейілмен дос болам,

Құтты болсын жаңа жыл,

Құтты болсын Наурызым!

Ал, балалар, мен қазір ортаға  «Көкпар» ойынын ойнауға жігіттерді шақырамын.

 Жүргізуші:  Алдар аға, бүгін біздің мерекемізге сұлу да, сымбатты қыздарымыз Қамажайлар келіп қалыпты, ортамызды ашып оларды қарсы алайық.

   Би: «Қамажай».

        Жүргізуші:    Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Анам мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

Ән: «Апатайым-анашым».

Алдар көсе: Ал, бастаушы қыз, ән мен билерің өте тамаша екен. Мен  тағы бір өзіміздің ұлттық ойынымызды ойнатып, мына отырған бүлдіршіндеріміздің ата-аналарын арқан тартыстырып күштерін байқамақшымын.

 Ұлттық ойын. «Арқан тартыс».

               (ойынға 6-6 аналар, әжелер шығады)

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз, — деп бүлдіршіндеріміз наурыз көже ішуге асығып отыр.Наурыз көжеден бұрын Қыдыр атамыздың батасын алайық.

Қыдыр ата: Көл жиналып тамшыдан,

Теңіз толсын қаңсыған,

Құт-береке кетпесін,

Диқан менен малшыдан.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі-бақи жаппасын,

Пәле жала қазақты

Іздесе де таппасын.

Бүлдіршіндер көбейіп

Өркендей берсін жеріміз,

Батыр туған ерлермен

Көркейе түссін еліміз.

Әумин!

«Наурыз-көктем» әнінің әуенімен балалар аналары мен әжелері дайындап келген ұлттық тағамдардан дәм татып топтарына тарайды.

 

Табынаева Г.

 «Боранқұл» бөбекжайы МКҚК

«Балдәурен» ортаңғы тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.