Home » Жаңалықтар » Арманға жол ашқан жоба

Арманға жол ашқан жоба

Елімізде жастарды қолдау және жұмысқа тарту мақсатында жастар корпусын дамыту жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Тараз қаласының жастары Наурызбаева Жадыра, Базарбаева Бақыт, Рысбеков Жалғас, Наурызбаев Ғалымжан Отандық иіс су өндіру және студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында осы жобаға қатысып грант ұтып алды. Алдарына қойған мақсаты айқын жастардың арманы орындалып өнімнің алғашқы партиясы жасалып та үлгерді.

Отандық өнімнің бастамасын алғаш болып №1 Қ. Сарымолдаев атындағы балалар үйінің жеткіншектері сынап көрді. Жас проект жобасының қатысушылары мен №12 «Тараз» колледжінің директорының қолдауымен және колледждің білімгерлерінің қатысуымен  ұйымдастырылған «Балаға мейірім сыйла» атты мерекелік іс-шара соңынан балаларға жоба қатысушылары өздері шығарған иіс-суларын үлестірді.
«Жетім көрсең жебей жүр» деген дана халқымыздың нақыл сөздері бар. Сондықтан да туыла-сап тағдырдың тауқыметіне мойынсұнған балалар көзіндегі қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Білімгердің бос уақытын тиімді пайдаланып, жас ұрпақтың білімгерлердің бойына қамқорлық, қайырымдылық, ізгілік, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді сіңдіруге талпынған жоба қатысушыларына — Жолдарың ақ болсын демекпіз! Бастама жалғасын тауып әлем брендтерімен бәсекелес бола алатын алпауыт жоба болсын.

Әрбір Қазақстандық қыз-келіншектер қауымы корей косметикасын, француз парфюмын қолданатыны бәрімізге мәлім. Елімізде косметика мен парфюмерия саласы дамымағаны рас, 90 пайызы шет елден келіп, теңгеміздің шет елге кетіп жатқаны да бар.

Өмірден өз орнымды тауып елімнің өркендеп өсуіне өз үлесімді қосамын деген әр ұрпақ үшін жас проект жобасы таптырмас мүмкіндік дер едім.

Талабы таудай болса да қалтаның жұқалығы қолбайлау болатын жастарға көмектің көкесі осы болар сірә, кім білсін?!

 

Исабекова Маржан Еркінқызы
№5 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.