Home » Жаңалықтар » «Армандастар»  облыстық балалар шығармашылығы фестивалі

«Армандастар»  облыстық балалар шығармашылығы фестивалі

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ-нің ұйымдастыруымен көркемөнерпаздар театры және хореографиялық ұжымдар арасында «Армандастар» балалар шығармашылығының облыстық фестивалі өтті. Облысымыздың түпкір-түпкірінен  келген 13 театр ұжымы өнер көрсетті. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» деп, біздің мектебіміздің «Кішкентай әртістер» ұжымы да додаға түсті, Кожухова Анар Бақытбекқызының жетекшілігімен «Қызыр бабаны қарсы алу» атты әдеби-музыкалық көріністерін көпшілікке ұсынды. Жарыс болған соң жеңіс те, жеңілісте болады әділқазылардың әділ шешімімен №115 орта мектебі 3 орынға ие болды. Мектебіміздегі театр үйірмесінде оннан аса оқушы тәлім-тәрбие алып, өздеріннің үйренген білгендерін ортаға салып отырады. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін осындай үйірмелердің жұмысын ерекше атауға болады.

 

Мөлдір Жақия
№ 115 ОМ директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.