Топқа музыкамен балалар кіреді. Амандасу.
Тәрбиеші: Саламатсыңдар ма балалар.
Балалар қазақ тілінде амандасады.
Тәрбиеші:How are you doing?
Балалар ағылшын тілінде жауап береді.We are fine thank you,and you?I’m good.
Тәрбиеші :А теперь ребята давайте поздороваемся с нашими гостями.
Балалар орыс тілінде амандасады.
Тосын сый:Осы кезде бір дыбыс шығады.
Тәрбиеші:Балалар бұл ненің даусы? Қайдан шығады?
Балалар жұмыртқаны тауып алады. Ішінен кішкентай пингвин шығады.
Пингвин:Мен қайдамын?Менің ата-анам қайда?
Тәрбиеші:Балалар бұл не? Балалар өз бетінше жауап береді.
Тәрбиеші:Сен қайдан жүрсің мұнда?Сенің үйің алыста ғой.Балалар біз пингвинмен дос боламыз ба?Оған өз мекеніне баруға көмектесеміз бе?
Балалар жауап береді.Пингвин қуанып кетеді.
Тәрбиеші:Қане олай болса жолға аттанайық,бізді ұзақ жол күтіп тұр.Балалар пингвиндер қайда өмір сүреді?
Балалар өз бетінше жауап береді.
Тәрбиеші:Олай болса біз солтүстік мұзды мұхит еліне Арктикаға саяхатқа аттанамыз.
Тәрбиеші:Жақсы балалар біздің алдымызда мынадай тапсырма тұр.Қыс киімдерді ақ сөреге,ал жаз киімдерді жасыл сөреге жинаймыз.
Балалар үш тілде атауларын айтып тапсырманы орындайды.
Көйлек — платье -Dress(дрэс)
Шорты- Шорты-Shorts(шотс)
Бас киім — Шапка-Cap( кэп)
Мойын орағыш – Шарф-scarf(скаф)
Шарбар — Брюки-Trousers(траузерс)
Қолғап – Варешки-Mittens(метэнс)
Күртеше -Куртка-Gacket
Етік-Cапошки-Boots
Тәрбиеші:Қыста күн қандай болады?Біз тоңып қалмас үшін қалың киімдерімізді киіп алайық.(Балалар бас киім мен мойын орағыштарын тағып жолға шығады. Балалар іздермен жүріп отырады.)
Келесі тапсырманы орындайды.Алдымен барабанды айналдыру.Кімге қандай тапсырма түссе,сол тапсырманы орындайды.
-қардың қасиеті туралы (қарды ұстап,сипап сезу арқылы айтады)
-Қыс ерекшеліктері туралы (фетрмен жұмыс)
-Қысқы ойындар туралы (қысқы көріністі бейнелеу)
-Қысқы мерекелер туралы(фетрмен жұмыс)
-Қыстап қалатын құстар туралы (құстар туралы мәлімет бер,ұя жасап,жем беру)
-Қысқы аңдар (фетрмен жұмыс, қоянды құрастыру.)
Тәрбиеші:Балалар орманнан өту үшін бізге тағы бір тапсырманы орындауымыз керек.
Қыс туралы қандай мақал –мәтелдер, жұмбақтар, тақпақтар білесіңдер?
Балалар жауап береді.
Мақал- мәтел
1.Қыстағы қар жерге ырыс
Жердегі ылғал елге ырыс
2.Қыс азығын жаз жина
3.Ақ қар көп болса ,ақ нан көп болады.
4.Қыста малыңды бақ, Жазда шөбіңді шап
5.Қыс аязымен ,жаз самалымен.
Жұмбақтар
1.Аяз қысып ,өрнек сызып
Терезені торлайды
Қарға омбығып
Бет домбығып
Сырғанап жастар ойнайды. (Қыс)
2.Қолы жоқ ,сурет салады
Тісі жоқ,тістеп алады. (Аяз)
3.Қанаты жоқ, ұшады
Аяғы жоқ,жетеді.
Аузы жоқ, ұлиды. (Боран)
4.Ақ көбелек қонды
Құстар енді тоңды. (Қар)
Тәрбиеші:Ал енді биік тауға шығып,таудан сырғанау үшін шаңғымызды киіп алайық.Шаңғының жүрісін салып жүру.
Сергіту сәті.
Тәрбиеші:Балалар біз бекетімізге жақындап қалдық.Мына көріп тұрған мұздардың астында бізге тапсырмалар жасырынған.
Балалар біртіндеп барып тапсырманы тауып орындайды.Солтүстікте мекендейтін аңдар туралы айту.
Морж — Морж -walrus(олрэс)
Шағала -Чайка — Gull (гал)
Ақ аю- Белый медведь –Polar bear (поло беа)
Пингвин — пингвин – Penguin (пенгуен)
Итбалық- Тюлень — Seal (сил)
Тапсырманы орындаған соң бекетке келу.Пингвинді ата-анасымен қауыштыру
Пингвин:Рахмет сендерге достар.Сендер маған көп көмектестіңдер.Bay bay my frand’s.
Балалар:Біз көңілді балдырған
Асыр салып ойнаймыз
Досымызға әрқашан
Көмектеспей тұрмаймыз.
Тәрбиеші:Балалар біз қайда саяхатқа шықтық?Саяхатымыз сіздерге ұнады ма?Кімге не ұнады,қандай кедергіні жеңу ұнады?
Балалар өз беттерінші жауап береді.Қонақтармен қоштасады.
Ержанова А.А.,
Ақтөбе қаласы,
МКҚК № 26 «Үміт» Мектепке дейінгі ұйым
ересек «Балапан» тобы