Home » Жаңалықтар » Ардагер ұстаздарға құрмет

Ардагер ұстаздарға құрмет

23 қазан күні Казталовка орта жалпы білім беретін мектебінде «Үлкендер жолы-ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты ардагер ұстаздардың қатысуымен танымдық шара оздырылды.Аталмыш шараға осы мектепте көп жыл мектеп директоры болған ұлағатты ұстаз Табылдиева Гүлжиян Табылдықызы, математика пәнінен сабақ берген  Гүлімай Уахитқызы, география пәнінің ұстазы Рая Жолдығалиқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шарипа Нығметқызы, сондай-ақ математика пәнінің маманы  Марфуға Мүхаметжанқызы және география пәнінің мұғалімі Рима Ғиниятқызы қатысып, мектеп оқущыларымен сұхбатта болды.

Алғашқы сөз кезегін алған мектеп директоры Алия Жаксыбаева ортамыздан табылған ардагер ұстаздарға қош келдің айтып, зор алғысын білдірді.

Кездесу барысында ардагер ұстаз Гүлжиян Табылдықызы өзі еңбек еткен қара шаңырақтың, талай мықты тұлғаларды тәрбиелеп шыққан білім ордасы екендігін, осы мектепте қызмет еткен әр ұстаздың орны ерекше боларын айтып өтті.Өскелең ұрпаққа білім алудың маңызын ұғындыра отырып,өмір тәжірибесімен бөлісті.

Білім беру жолындағы табандылық пен маңдай тердің жемісін көріп отырған Марфуға Мұхамбетжанқызы  да тағылымды ойларымен бөлісіп,мектеп өмірінен сыр шертті.

Ұстаздарға деген құрмет белгісі ретінде 8 а сынып оқущылары әннен шашу шашып,ақын өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді.Музыка пәнінің мұғалімі Абылхайырова Лилияның сүймелдеуімен «Ұстаз ана» әні орындалды.

Шақырулы қонақтарды әсерге бөлеген бұл кездесу аға буын мен жас буын арасындағы сабақтастықты тағы бір жақындатқандай болды.Көзінде оты бар оқушылар ұстаздарға сұрақтарын да қойып, тұшымды жауаптарын да алып үлгірді. «Мың рет естігенше,бір рет көр» деген қағиданы тірек қылғандай, ардагер ұстаздармен жарқын кездесу өткен күн болды.

 

 

 

 

 

Мектебіміздің тәрбие жоспарына сәйкес дәстүрге айналған шараны ұйымдастырушы 8 а сынып жетекшісі Замзагүл Мендіханова келген ұстаздарға жүрек жарды тілегін жеткізіп, ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында ардагер ұстаздар да ақжарма тілектерін айтып,қуаныштарын жасыра алмады.Осындай тәлім берер тағылымды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табарына сеніміміз мол.

  Абзал Серікқалиұлы

Жас ұстаз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.