Home » Жаңалықтар » Ардагерлер — қаһармандықтың лайықты үлгісі

Ардагерлер — қаһармандықтың лайықты үлгісі

Қоғам мен елі үшін еңбек ететін адамгершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу,    Қазақстандық қоғамның патриотын қалыптастыру,  өмірдегі жоғары құндылықтарды білу, ардагерлердің ерлігін құрметтеу, дәріптеу мақсатында Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ардагерлерге  мың тағзым» тақырыбында тыл арадагерлері және Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді . Кездесуге тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген тыл ардагері Жұмабекұлы Қасымбек ағай  сонымен қатар Ауған соғысына қатысып, өздерінің азаматтық борыштарын өтеп, қасіретті соғыстың қиыншылығын көрген Ауған соғысының ардагерлері Байкенов  Амангелді Мұратұлы және Жакупов Ғалым Тлеубаевич  қатысты.

Ардагерлер  Отан үшін аянбай еңбек етіп, бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігі үшін жасаған еңбектері туралы әсерлі әңгімелерін оқушыларға баяндап берді. Қандай да  шаруаға да белсене қатыстып, бүгінгі күні де біздің ортақ проблемаларымыздан шет қалмай, даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып  жүрген ардагерлерді оқушылар мақтан тұтатындығын білдірді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтыратын сауалдарға жауап алып, кеш өте тартымды өтті. Кеш соңында ардагерлер оқушыларға өздерінің өнегелі сөздерін айтып, ақыл-кеңестерін  берді.
Оқушылар аға ұрпақ алып берген Жеңіс жетістіктерге жігерлендіріп, жанға қуат беріп, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуға көмектесетіндігі туралы ойларын ортаға салды.

Жас ұрпақтың парызы— бұл алапат соғыстағы Жеңістің қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету.
Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын оқушылар жете, ұғына түсінді.

 

Б.А.Билялова, Н.Б.Калиева
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Педагог-ұйымдастырушы-кураторлар
Қарағанды қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.