Home » Жаңалықтар » Ардагерлер тәлімі – ұрпаққа өнеге

Ардагерлер тәлімі – ұрпаққа өнеге

Елбасы мақалада «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады», – деді. Осыған орай, Отан тыныштығын, тұтастығын қорғау ісіне араласқан ардагерлердің ерлігін насихаттай отырып, ұрпақ бойында патриоттық сезім қалыптастыру – кездесудің көздегені болды. Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінде ардагерлермен кездесу өтті. Аталмыш әскери бөліміне келген ҰОС ардагерлері мен жастар, бөлім тарихынан хабардар болып, қару-жарақтардың қолдану тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар бейбіт елдің сарбаздары майдангерлерге жаттығу сәтінен үзінді көрсетіп, шеберліктерін паш етті. Ұлттық ұлан әскері мен  сарбаздары – қоғам тыныштығының сақшысы. Сондықтан олар қатермен күресуге әрқашан дайын болуы шарт. 6697 әскери бөлімінің жауынгерлері шеттерінен осындай шымыр, епті, тепсе темір үзеді. «Біз ең абыройлы парызды атқарып жүрміз», – дейді олар.Кез келген сарбаздың міндеті – өз Отанын қорғау, антына адал болып, борышын орындау. Бұйрықтарды атқарып, елдің тыныштығын ойлау керек дейді қатардағы жауынгерлер. Тапсырманы бұлжытпай орындайтын қызметтік иттер де – жауынгерлердің жанкешті еңбегінің жемісі. Олардың бірі қылмыскерді ұстауға көмектессе, енді бірі қораптарға жасырылған есірткіні дәл тауып, жастарды  таңғалтты. Ардагерлер сарбаздардың әскери дайындықтарына тәнті болды. Ұлы Отан соғысының ардагері: -Мұндай жігіттерге сенуге болады. Шеттерінен зіңгіттей, мығым. Қандай жаудан да қорғай алатына көңіл иланды. Сарбаздарымыз Отан алдындағы борышын абыроймен өтей беруіне тілектеспін. Ұлы Отан соғысының көзі тірі куәгерлері сұрапыл жылдар жайлы естеліктерімен бөлісті. Бейбіт елдің батырлары салтанатпен сап түзеп, ардагерлердің ерлігіне тағзым етті. Одан әрі қарт жауынгерлер қазіргі заманғы қаруларды тамашалады. Казармаға кіріп жатын бөлмелерімен қатар оқу орындарын көрді.- Ұрпақтарға біздің ата-бабамыздың ерліктерін айтып, тәжірибе алуды мақсат еттік. Жастарды патриоттық пен Отансүйгіштікке тәрбиелеу — деп қортындылады 6697 әскери бөлімі командирінің орынбасары Бауыржан Шораев. Еліміздегі татулық, бейбітшілікті насихаттауға арналған шара жыл бойы жалғасын таппақ.

 

 

Қостанай облысы.6697 әскери бөлім. Кітапхана бастығы

 кіші сержант Қымбат ШҰҒАЙЫП

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.