Құрметті соғыс ардагері! Сізге бұл хатты жолдауыма бір жайт себеп болды. Біз күнделікті сабағымызда досымызға, ата-анамызға, атақты ғалымға, т.б. хат жазамыз. Өз ойымызды еркін білдіреміз. Бұл болашағымыз үшін керек. Осындай бір сабақтың тақырыбы «Жеңіс күні» тақырыбына келді де, ардагерге хат жазу тапсырмасы берілген еді. Соған байланысты Сізге және сіздің ерлігіңізге мың алғыс айту мақсатында хат жолдап отырмын.
Біздер сіздер туралы кино мен ғаламтордан деректер жинап, оқып танысамыз. Сіздердің қан майдандағы ерліктеріңіз жас мемлекеттің ұрпағы үшін үлг і- өнеге. Сіз — тәуелсіз елдің Ұлы батырысыз. Бүгінгі ұрпағыңыз Сіздің есіміңізді мақтанышпен кейінгі ұрпаққа айтып, жазып қалдырады. Батыр бабаларымыз мәңгі жасай берсін!
Нұрбол Мәдина
Атырау қаласы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
7-сынып оқушысы