Home » Эссе » Ардагерге хат!

Ардагерге хат!

Құрметті ардагерлер! Міне, сұм соғыстың аяқталып, еліміз Ұлы Жеңіс мерекесін тойлағанына да 72 жыл толып отыр. Біз жанымызға үрей туғызатын қорқынышты «соғыс» деген сөзді үлкендерден ғана естіген ұрпақпыз. Сол соғыста қайсарлық пен ержүректілікті танытқан Әлия, Мәншүк, Бауыржан секілді апа-аталарымыздың ерлігін кітаптан оқып, кинодан көріп, елін қорғаудағы жан аямай күрескендерін мақтанышпен айтамыз.

Жақында қазақ тілі сабағында «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» деген тақырыпты өткен кезде Отанымызды жаудан қорғауда жасаған  қаһармандық істеріңізге басымызды иіп, ешкімде, ешқашанда ұмытылмайтынын білдік. Батыр бабамыздың бірі Баубек Бұлқышевтің  «Шығыс ұлына хат» шығармасын оқығанда Сіздердің қиын сәттерді бастан кешіргендеріңізді көргендей болдық. Қиналдыңыздар, жаныңыздағы достарыңыздан айырылдыңыздар, бірақ ештеңеден қорықпадыңыздар. Үлкен жүректеріңіздің арқасында Отанымыз жаудан құтқарылды. Біз сіздерге балалық жүрегімізден мың алғыс айтамыз әрі мәңгі айта бермекпіз. Өйткені, бұл Ұлы ерлік енді қайталанбайды. Біздің көкірегімізге рух пен күш бердіңіздер. Сол арқылы Отанды сүюге, оны құрмет тұтуға, бойымызға биік патриотизмді қалыптастыруға үйреттіңіздер, жанымызға жігер қостыңыздар. Біздің осындай бейбіт елде тып-тыныш өмір сүруімізге жағдай жасаған Сіздерге қарыздармыз!

Ардақты ардагерлер! Ұлы Жеңіс мерекесі күні Сіздерді шын жүрегімізбен құттықтаймыз.

 Сатыбалдиева Дариға

 Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік

мектебінің       7-сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.