Home » Эссе » Ардагерге алғыс!

Ардагерге алғыс!

«Соғыс» — бұл сөзді естігенде жүрегіміз дір етіп, көз алдымызға небір қорқынышты нәрселер келіп жатады. Оның аты аталмасын деп тілейміз. Болмасын соғыс деп ұран саламыз.

Құрметті майдангер! Кешегі кезде Сіз Отан үшін қиын шақтарды басыңыздан өткердіңіз. Еліңізді фашизмнен құтқаруда аянбай күрестіңіз. Бізге көгілдір аспан, бейбіт өмір сыйладыңыз.Сіз сол кезде халқыңыздың болашағы үшін күш-қайрат көрсеттіңіз, ештеңеден қорықпадыңыз.

Майдангер ата! Сіз —  нағыз патриотсыз. Қазіргі миллиондаған ұрпағыңызға бостандық пен бақыт сыйлаған Сіздің ерлігіңіз үшін біз бас иеміз. Балалық жүрегіммен осындай Ұлы мерекеде Сізге мәңгілік ғұмыр тілейміз!

Мұхамедьярова Данира

Атырау қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

7-сынып оқушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.