Аралбаева Наргиза
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Есік қаласы
«Айжан» бөбекжай — балабақшасының тәрбиешісі
Білім: беру саласы: Коммуникация
Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: балаларды күз мезгілімен таныстыру. Балалардың алған білімдерін кеңейту сөйлеу мәдениетін дамыту. Ақыл ойын жетілдіру, тілбайлығын молайту, әдептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Күз мезгілінің суреті. Жемістер мен көкөністер суреті.
Құрал-жабдықтар: Жемістер мен көкөністер
Билингвистикалық компоненттер: Көкеністер-овощи
Сөздік жұмыс: «Күз жомарт»
Оқу қызмет бөлімдері
Мотивациялық қозғаушы (Ынталандыру, сезімді ояту)
Шаттық шеңбері
Балалар шаттық шеңберін құрады.
- Арайлап атқан таңымыз аппақ
- Арайлап атқан таңымыз ашық
- Арайлап атқан таңымыз жарқын
- Арайлпап атқан таңымыз қуанышты болсын
-Сәлеметсіздерме балалар!
Балалар бүгін бізге қонаққа ұстаздар мен тәрбиеші апайлар келіпті.
Балалар бүгінгі күндерің нұрлы болсын сабағымыз жақсы өтсін.
-Балалар біз бүгін «Күз байлығы» атты тақырыпта сабақ өтеміз.
— Балалар терезеге қараңдаршы казір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде қандай жеміс-жидектер піседі, адамдар қалай киінеді?
ІІ. Ізденістер ұйымдастыру
Ал балалар мыны суретке назар аударайық.
-Суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Күз мезгілінде қанша ай бар?
-Күзде құстар кайда ұшып кетеді?
-Күзде қандай өзгерістер болады?
-сендерге күз мезгілі ұнайма?
(осы кезде күз ханшасы келеді)
-Сәлеметсіңдерме балалар?
-Мені білесіңдерме?- Мен кіммін?
-Мен орманды жазық даланы аралап, бүкіл ағаштардың жапырақтарын сарғайтамын. Мен өзіммен бірге дәрумендерді ертіп келдім. Ол қарбыз бен қызылша.
-Жарайсыңдар балалар рахмет.
-Балалар күзде қандай жемістер мен көкеністер піседі?
-Жарайсыңдар балалар біледі екенсіңдер. Енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келеді.
Жаздай жерге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді атам бір күні.(Сәбіз).
Енді күз мезгілінің суреттерін көреміз.
Дидактикалық ойын: «Қолшатыр»
Мақсаты: балаларды ептілікке жылдамдыққа баулу.
Шарты: қолымызға қолшатыр ұстап ортада тұрамыз. «Күн шықты!»-дегенде балалар бойларын сергітіп, күнге қыздырынып еркін ойнады. Ал «Жаңбыр жауды!» — дегенде барлығы қолшатыр астына жиналады.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдыңнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар,
Биік болып өседі
ІІІ.Рефлексивті (қорытындылау, өзін-өзі бағалау)
-Балалар бүгін біз қандай жыл мезгілімен таныстық?
Күз ханшасы осы кезде балаларға сыйлықтарын таратты.
-Жарайсыңдар балалар сендер оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар!
Күтілетін нәтиже
Білуі тиіс: Күз мезгілінің ерекшелігі.
Көрсете білуі :Жемістер мен көкеністердің аттарын атай білу.
Түсінігі: табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны бағалай білу.